Қазақстан делегациясы Брест бекінісі қорғаушыларының мемориалына гүл шоқтарын қойды

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуҚазақстан делегациясы Брест бекінісі қорғаушыларының мемориалына гүл шоқтарын қойды
Қазақстан делегациясы Брест бекінісі қорғаушыларының мемориалына гүл шоқтарын қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2026
Жазылу
22 маусым –Ұлы Отан соғысы басталғанына 85 жыл
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Қазақстанның мәжіліс депутаттары соғыстың басталғанына 85 жыл толуы қарсаңында Брест қаласына барды.
Олармен бірге жеті ел парламентінің делегациялары да болды.
Депутаттар Брест қамалын қорғаушылар мемориалына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алды. Олардың арасында қазақстандықтар да аз болмаған. Кейбір деректер бойынша, олардың саны мыңнан асады. Алайда фотосуреттермен және ресми құжатпен дәлелденген мәліметтер әлдеқайда аз сақталған.
"Мұндағы біздің миссиямыз - батырларды құрметтеу, олардың көпшілігі үйлеріне оралмады. Бұл соғыс біздің елімізге де, басқаларға да әсер етті, - деп атап өтті депутат Сергей Пономарев.
Бүгін түнгі сағат үште метроном үні шығып, соғыстың басталуына арналған еске алу рәсімі өтеді.
В Алматы в день начала Великой Отечественной возложили цветы к Мемориалу Славы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2025
Брест қамалын қорғаған полктан бірнеше адам ғана аман қалды – майдангердің ұлы
Жаңалықтар
0