Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 21 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев21 маусым - күнтізбе
21 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2026
Жазылу
21 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

21 маусымда қандай айтулы оқиға болды?

Бүгін – жазғы күн тоқырауы. Осы күні Күн өз шарықтау шегіне жетіп, аспандағы ең биік нүктеде тұрады. Сол себепті 21 маусымда күн ең ұзақ, ал түн ең қысқа болады.
Сондай-ақ бүгін әлемде Халықаралық йога күні аталып өтеді. Бұл мереке БҰҰ-ның күнтізбесінде Үндістанның бастамасымен пайда болған. Өйткені йога дәл осы елден шықты. Ол тек физикалық қана емес, пәлсапалық ойға толы спорт түрі. Жай ғана спорт емес, өмір салты. Йогаға қызығушылық танытушылардың саны жылдан-жылға ұлғайып келеді. Ол адамзаттың материалдық емес мұрасы саналады. Йога – дене мен жан дүниенің үйлесімі.
21 маусымда селфи күні (Selfie Day) аталып өтеді. Қазіргі таңда селфи ең танымал суретке түсу тәсілдерінің бірі. Бұл мереке алғашқы рет 2014 жылы ұйымдастырылып АҚШ-та атап өткен. Селфи түсіру барысында камера қол созым жерде тұратындықтан суретке тек адамның басы немесе басынан сәл жоғары не төмен жерлер ғана түсіріледі.
21 маусымда скейтборд күні де аталып өтеді. Скейтерлердің ресми мейрамы барша әлемде тойланады. 1958 жылы АҚШ-та қазіргі скейтбордтың алғашқы прототипі пайда болды. Тақтайша басында төртбұрыш болатын. Біраз уақыттан соң Ричард Стивенсон оны біраз майыстыру керек екенін түсінген. Сол күйінде скейтборд қазіргі кезге дейін жетіп отыр. Мереке күні скейтборд тебетіндер көшелерге шығады.

21 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1788 жылы орыс-швед соғысы басталды;
1913 жылы 18 жастағы америкалық Джорджия Бродвик аэропланнанпарашют арқылы секірген алғашқы әйел болды;
1915 жылы суретші Казимир Малевич өзінің әйгілі "Қара квадрат" туындысын жазды;
1975 жылы Стивен Спилбергтің Jaws фильмі АҚШ экрандарына жол тартты;
2004 жылы әлемдегі жеке басқаруға арналған SpaceShipOne кемесі ғарышқа шықты.

21 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1824 жылы Қарағанды облысындағы Қарқаралы қаласының негізі қаланды;
1918 жылы "Жетісу" газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым қазақ, ұйғыр, дүңген, өзбек және татар тілдерінде шығатын.
1940 жылы академик Қаныш Сәтбаев атындағы геологиялық зерттеулер институты құрылды.
1995 жылы ұлы ойшылдың шығармашылығы мен өмірі туралы деректері бар "Абай" энциклопедиясы жарық көрді;
2007 жылы Семипалатинск қаласының аты Семей деп өзгертілді;
2015 жылы Түркия астанасы Анкара қаласында саябаққа қазақ ақыны Сүйінбайдың есімі берілді;
2018 жылы Алматыда "Кино" тобының көшбасшысы Виктор Цойға ескерткіш орнатылды. Монументтің ашылуы "Кино" рок-тобының көшбасшысы және негізін қалаушы Виктор Цойдың туған күнінде өтті. Монумент музыкант түскен "Игла" фильмінің түсірілімі өткен жерге орнатылды.

21 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1921 жылы америкалық актриса Джейн Расселл дүниеге келді;
1941 жылы театр және кино актері, РКФСР халық әртісі Валерий Золотухин дүниеге келді;
1962 жылы рок-музыкант, әндер авторы, суретші Виктор Цой дүниеге келді. Ол "Кино" рок тобының негізін қалаған;
1982 жылы Уильям ханзада дүниеге келді. Ол британдық тақтың екінші мұрагері.

21 маусымда Қазақстанда кім туды

1949 жылы суретші, ҚР суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мәжит Бәйтенов дүниеге келді;
1956 жылы белгілі қазақстандық гитарашы, композитор Болат Сыздықов дүниеге келді.
1971 жылы Конституциялық Соттың судьясы Асан Ескендіров дүниеге келді;
1984 жылы сенат депутаты Евгений Больгерт дүниеге келді.
Жаңалықтар
0