https://sputnik.kz/20260620/kurer-bolyp-qosymsha-zhumys-isteytin-analar-zhardemaqylardan-ayyryla-ma-64266352.html
Курьер болып қосымша жұмыс істейтін аналар жәрдемақылардан айырыла ма
Курьер болып қосымша жұмыс істейтін аналар жәрдемақылардан айырыла ма
Sputnik Қазақстан
Еңбек министрлігі курьер болып жұмыс істейтін аналар әлеуметтік төлемдерден айырылмайтынын хабарлады 20.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-20T11:03+0500
2026-06-20T11:03+0500
2026-06-20T11:03+0500
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
жалған ақпарат
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/585/31/5853104_0:52:1201:727_1920x0_80_0_0_80c2e193d06132713e9e24a8117337a6.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желілерде елімізде курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспарланып отырғаны туралы жарияланымдар тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.Министрліктің мәліметінше, бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен сәбиі бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақылар шартсыз және төлем алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық мерзімде төленеді.Өз кезегінде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары , яғни тұрақты жұмысы бар ата-аналарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Бұл төлемнің мөлшері бала туған күнге дейінгі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.Министрлік азаматтарды уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне ғана сүйенуге шақырады. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін тікелей бейінді ведомстволарға жүгінуді сұрайды.
https://sputnik.kz/20260618/ata-anasy-zhaqsy-turady-ministr-sabiimen-kurer-bolgan-kelinshektin-otbasy-turaly-aytty--64206103.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/585/31/5853104_82:0:1118:777_1920x0_80_0_0_3226d433f0d805c59087d1315252facc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жалған ақпарат, жәрдемақы
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жалған ақпарат, жәрдемақы
Курьер болып қосымша жұмыс істейтін аналар жәрдемақылардан айырыла ма
Еңбек министрлігі курьер болып жұмыс істейтін аналар әлеуметтік төлемдерден айырылмайтынын хабарлады
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желілерде елімізде курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспарланып отырғаны туралы жарияланымдар тарап жатыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен сәбиі бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұл жәрдемақылар шартсыз және төлем алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық мерзімде төленеді.
Өз кезегінде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары , яғни тұрақты жұмысы бар ата-аналарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Бұл төлемнің мөлшері бала туған күнге дейінгі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.
"Қазақстанның Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, аталған төлемдерді жұмысқа шығуына байланысты тоқтату тек алушының өз еркімен тиісті өтініш беруі арқылы ғана жүзеге асырылады", - делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік азаматтарды уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне ғана сүйенуге шақырады. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін тікелей бейінді ведомстволарға жүгінуді сұрайды.