https://sputnik.kz/20260620/elimizde-zhoo-ga-quzhat-qabyldau-bastaldy-64272655.html
Елімізде ЖОО-ға құжат қабылдау басталды
Елімізде ЖОО-ға құжат қабылдау басталды
Sputnik Қазақстан
Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады 20.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-20T13:07+0500
2026-06-20T13:07+0500
2026-06-20T13:07+0500
жоо
құжат
https://sputnik.kz/img/07e8/09/19/47329358_0:0:1200:676_1920x0_80_0_0_d53f7f61c8a80ba0d2ca2764a9021f7a.jpg
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі 20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталатынын хабарлады.ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап өздері таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер талапкер таңдаған жоғары оқу орнына қарамастан кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады. Талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өтініштерді жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы және eGov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған.Еске сала кетейік, минималды шекті балдар өзгеріссіз қалды.Оқуға түсу үшін шекті балдар:Бұл ретте "Қазақстан тарихы" және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндері бойынша кемінде 3 балдан жинау қажет. Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өздерінің шекті балдарын белгілей алады.Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.Талапкерлер шығармашылық және арнайы емтихандарды өткізу тәртібі, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу шарттары, жатақханамен қамтамасыз ету және оқуға түсуге қатысты өзге де мәселелер бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына тікелей жүгіне алады.Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.
https://sputnik.kz/20260617/grant-konkursyna-quzhat-bir-apta-qabyldanady---ministrlik-64190563.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/19/47329358_67:0:1115:786_1920x0_80_0_0_98d0f9ebf3a214329a34351e78a6ae5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жоо, құжат
Елімізде ЖОО-ға құжат қабылдау басталды
Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі 20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталатынын хабарлады.
ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап өздері таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.
"Мемлекеттік білім беру грантын алуға үміткер талапкерлер үшін гранттар конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Осы кезеңде талапкерлер өздері оқуға түскісі келетін білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындарын таңдай алады", - делінген министрлік хабарламасында.
Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер талапкер таңдаған жоғары оқу орнына қарамастан кез келген жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады. Талапкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында өтініштерді жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы және eGov электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта тапсыру мүмкіндігі де қарастырылған.
Еске сала кетейік, минималды шекті балдар өзгеріссіз қалды.
Оқуға түсу үшін шекті балдар:
Ұлттық жоғары оқу орындарына – 65 балл,
басқа ЖОО-ларға – 50 балл,
"Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 75 балл,
"Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – 70 балл,
"Құқық" даярлау бағыты бойынша – 75 балл.
Бұл ретте "Қазақстан тарихы" және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" пәндері бойынша кемінде 3 балдан жинау қажет. Жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша өздерінің шекті балдарын белгілей алады.
Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.
Талапкерлер шығармашылық және арнайы емтихандарды өткізу тәртібі, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу шарттары, жатақханамен қамтамасыз ету және оқуға түсуге қатысты өзге де мәселелер бойынша жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларына тікелей жүгіне алады.
Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.