Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев20 маусым - күнтізбе
20 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2026
Жазылу
20 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

20 маусымда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін - Дүниежүзілік босқындар күні. БҰҰ-ның шешімі бойынша Африка босқындарының күнімен қатар аталып өтеді.
Ал Ресейде жыл сайын мина-торпеда қызметінің кәсіби мейрамы тойланады. Бұл қызмет әскери теңіз флотына жатады. Мейрамды атап өту 1996 жылы ресми түрде бекітілген.
Аргентинада Мемлекеттік ту күні аталып өтеді. Аргентина - Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Астанасы - Буэнос-Айрес қаласы. Ресми тілі - испан тілі, сонымен қатар ағылшын және итальян тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі – архентино.
Сондай-ақ, бүгін - Халықаралық зообақтардағы пілдерді қорғау күні. Бұл мерекені атап өту туралы бастаманы 2009 жылы "Жануарларды қорғау" ұйымы (IDA) көтерді.
Бұдан бөлек, бүгін бүкіл әлемде Халықаралық Wi-Fi күні аталып өтеді. Осы жаһандық бастама цифрлық теңсіздікті жоюды көздейді. Себебі ғаламтор арқылы халықтың білімін ғана емес, компьютелік сауатталығын арттырып, сондай-ақ, көзқарасын кеңейтуге болады. Бүгінде әрбір мемлекеттің экономикалық дамуы цифрлық әлеуетке тікелей байланысты.

20 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1840 жылы Сэмюэл Морзе телеграфтың патентін алды;
1934 жылы Лондондағы Ватерлоо көпірі саудаға шығарылды;
1967 жылы Мұхаммед Әли әскерге бармағаны үшін Хьюстон сотының шешімімен бес жылға сотталды. Оған қоса, былғары қолғап шеберіне 10 000 доллар көлемінде айыппұл салынды;
1993 жылы Ла-Манштың астымен өтетін Евротоннель арқылы алғаш рет теміржол рейсі жіберілді.

20 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1878 жылы шаруаларға жер беру мәселесімен айналысатын Ақмола меже партиясы құрылды;
1925 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі ашылды;
1930 жылы "Жоғарғы Марианна" көмір қабаты бойынша бірінші Қарағанды шахтасының құрылысы басталды;
1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР Ұлттық мемлекеттік банкінің жарғысы туралы" қаулысы қабылданды;
1992 жылы Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы форумы өтті;
1992 жылы Қазақстан Республикасы Түркі мәдениеті және өнері мәселелері жөніндегі бірлескен комитет мүшесі атанды;
1992 жылы Алматыдан Үрімжіге алғашқы халықаралық темір жол қатынасы ашылып, бірінші жолаушылар пойызы жолға шықты;
2000 жылы Астана әкімдігі мен Мәскеу үкіметі экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени шараларға байланысты келісімге қол қойды;
2003 жылы еліміздегі жер реформасының маңызды актісі Қазақстан Республикасының жаңа Жер кодексі қабылданды;
2013 жылы белгілі қазақстандық әнші, композитор, "Үркер" тобының негізін қалаушы Айдос Сағат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанды;
2014 жылы "KazEOSat-2" қазақстандық жер серігі орбитадан алғаш рет телеметрикалық ақпарат берді;
2017 жылы режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальде үздік көркем фильм атанды.

20 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1932 жылы танымал ақын, аудармашы Роберт Рождественский дүниеге келді;
1937 жылы зоолог ғалым, профессор, "В мире животных" бағдарламасының жүргізушісі Николай Дроздов дүниеге келді;
1949 жылы АҚШ әншісі, саксофоншы, пианист Лайонел Ричи дүниеге келді;
1967 жылы "Оскар" мен "Алтын глобустың" иегері, австралиялық актриса Николь Кидман дүниеге келді.

20 маусымда Қазақстанда кім туды

1905 жылы хирург-онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ақырым Ыдырысов дүниеге келді;
1915 жылы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық әртісі Мақпир Бақиев дүниеге келді;
1952 жылы Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, академик Жұматай Әлиев дүниеге келді;
1955 жылы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының қоюшы-режиссері Болат Қалымбетов дүниеге келді;
1956 жылы Конституциялық кеңестің мүшесі Рахмет Мұқашев дүниеге келді;
1972 жылы Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болған Шахрат Нұрышев дүниеге келді;
Жаңалықтар
0