Абай облысында 170-тен аса жүргізушіге айыппұл заңсыз салынған

© Sputnik / Тимур БатыршинКамеры видеонаблюдения в Алматы
Камеры видеонаблюдения в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2026
Жазылу
Камера жұмысындағы ақау заңсыз салынған айыппұлдар жойылды
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Абай облысы Аягөз ауданының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін бұзу әрекеттерін автоматты түрде тіркейтін камералардың жұмысынан заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыс прокуратурасының хабарлауынша, Аягөз қаласындағы көшелердің бірінде көлік қозғалысына рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 км болғанына қарамастан, автоматты тіркеу кешенінің баптауларында шекті жылдамдық 40 км/сағ ретінде қате белгіленгені анықталды.
Салдарынан 172 азамат әкімшілік жауапқа заңсыз тартылған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз шығарылған қаулылардың барлығының күші жойылып, төленген айыппұлдарды қайтару жұмыстары ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда көлік иелеріне 800 мың теңгеден астам қаражат қайтарылды. Қаражаттарды қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Атырауда полиция 100-ге жуық жүргізушіге заңсыз айыппұл салған
Жаңалықтар
0