https://sputnik.kz/20260619/vetnam-eline-kirudin-zhana-zhuyesi-engizildi--64240505.html
Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесі енгізілді
Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесі енгізілді
Sputnik Қазақстан
PAI жүйесі Вьетнамға кіретіндер үшін міндетті талап емес және виза рәсімдеу функциясын атқармайды 19.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-19T11:01+0500
2026-06-19T11:01+0500
2026-06-19T11:14+0500
вьетнам
шетел
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/06/12/64198362_161:344:2933:1903_1920x0_80_0_0_562a69e718723314c3d7aa1d6ebdd70e.jpg
АЛМАТЫ, 19 маусым - Sputnik. Вьетнам шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету үшін Pre-arrival Information – PAI (Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін) пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі. Вьетнам тарапының мәліметінше, бұл жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шекаралық бақылаудан өту уақыты қысқарып, әуежайдағы жолаушылар ағынын оңтайландырады. Айта кету керек, PAI жүйесі Вьетнамға кіретіндер үшін міндетті талап емес және виза рәсімдеу функциясын атқармайтынын атап өткен жөн. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынады. Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркелуді тек ресми портал – prearrival.immigration.gov.vn арқылы жүзеге асыруды және жалған интернет-ресурстардан сақ болуды ұсынады.
https://sputnik.kz/20260303/eaeo-men-vetnam-ozara-tiimdi-yntymaqtastyq-ushin-ontayly-zhagdaylar-zhasauga-nietti-61562635.html
вьетнам
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/12/64198362_357:149:2890:2048_1920x0_80_0_0_4639b4bdb521e80c92d4488c1a1ac51c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вьетнам, шетел, сыртқы істер министрлігі
вьетнам, шетел, сыртқы істер министрлігі
Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесі енгізілді
11:01 19.06.2026 (жаңартылды: 11:14 19.06.2026) PAI жүйесі Вьетнамға кіретіндер үшін міндетті талап емес және виза рәсімдеу функциясын атқармайды
АЛМАТЫ, 19 маусым - Sputnik. Вьетнам шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету үшін Pre-arrival Information – PAI (Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін) пилоттық режимде іске қосты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.
Вьетнам тарапының мәліметінше, бұл жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шекаралық бақылаудан өту уақыты қысқарып, әуежайдағы жолаушылар ағынын оңтайландырады.
"PAI жүйесі қазіргі уақытта Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді және алдағы уақытта Вьетнамның Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында енгізіледі. Сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы басқа да өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып жатыр", - дейді министрлік.
Айта кету керек, PAI жүйесі Вьетнамға кіретіндер үшін міндетті талап емес және виза рәсімдеу функциясын атқармайтынын атап өткен жөн. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынады.
Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркелуді тек ресми портал – prearrival.immigration.gov.vn арқылы жүзеге асыруды және жалған интернет-ресурстардан сақ болуды ұсынады.