https://sputnik.kz/20260619/tuk-te-qoryqqan-zhoqpyn-qazaqstandyq-azhey-turkiyada-parashyutpen-ushyp-kokte-an-saldy-64251275.html
"Түк те қорыққан жоқпын": 74 жастағы әжей парапланмен ұшып, көкте ән салды
"Түк те қорыққан жоқпын": 74 жастағы әжей парапланмен ұшып, көкте ән салды
Sputnik Қазақстан
"Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын" дейді әжей 19.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-19T15:39+0500
2026-06-19T15:39+0500
2026-06-19T18:02+0500
түркия
әже
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64250697_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_8d68e86fc8c6709ba43a4334ba6b40fe.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Астана тұрғыны 74 жастағы Ырзакүл Жәнібекова Түркияға жасаған саяхаты кезінде парапланмен ұшып, көкте Шәмшінің әнін шырқады. Өмірге құштар апамен Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасты."Бала арманым ішімде қалып қойған әжемін" деген Ырзакүл әжей өмірге өте құштар жан. Жас ұлғайып, шау тартты деп отырмайды, еңбекқор, елгезек, айтар ақылы көп ауызы дуалы жан.Ырзакүл әжейдің 4 ұл, 4 қыз, 24 немересі, 13 шөбересі бар."Ешқашан арманым орындалмады деп өкінбеу керек. 40-қа келдім, 50-ге келдім, бәрінен қалып қойдым демеу керек. Отағасына "ұшаққа отырып, бұлтқа көтерілмей тұрып, ана дүниеге бармаймын" деп айтушы едім. Әрине, отағасы екеуіміз әртүрлі елдерді көрдік, балаларым бізді Меккеге де апарды", - дейді Ырзакүл Жәнібекова.Кейде теледидарға қарап отырып, кейбір жастарға қарным ашып отырады. Жастарда үлкенге деген құрмет, ар-намыс, ұят деген болу керек, дейді әжей."Өз ата-енемнен бөлек үлкендердің батасын көп алдым. Үлкен кісілердің барлығын сыйладым, алдынан қия өтпедім. Қарапайым әйел болсам да, еліме елеулі, халқыма қалаулы болдым", - деген Ыразкүл әжей өмірде жалпы белсенді жан.Ол Астанадағы "Ақмаржан" әжелер ансамблінде ән айтады.Әжей жас кезіндегі мына бір жағдайды еске алды.Ал парапланға отырған сәт 74 жастағы апа үшін есінен кетпес сәт болған."Парашютті көріп, балаларыма "мен осыған отырғым кеп тұр" дедім. Түк те қорыққан жоқпын. Міне, арманыма жеттім деп ойладым. Аспанға қалықтағанда "Құстар" әнін орындадым. Өзім осы әнді жақсы көремін. "Қазақстан алға!" деп те айқайладым. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, өте керемет болды! Әлі бала ұқсап жүрмін", - дейді қуанышы қойнына сыймаған апа.Ырзакұл апа би кешіне де барып, билеп қайтқан. Ол жерде түрік ағайын әжейге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірген.Ырзакүл апа ешқашан "жоқ" дегенді, "шаршадым" дегенді айтпау керек дейді.74 жастағы Ырзакүл әжейдің бұл жолы үш бірдей арманы орындалды. Ән айтсам деген әжей көкте ән шырқады. Ақ бұлтқа шықсам деген әже парапланмен ұшты. Ал журналист боламын деген арманына келсек, қазіргі уақытта Ырзакүл апа журналистерге сұхбат беріп, қошеметке бөленіп жатыр.
https://sputnik.kz/20260607/elu-zhyl-buryn-uade-bergen-turkistandyq-azhey-70-zhasynda-uzatyldy-63978328.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64250697_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_1118655d1199cdc6c829abd0ce54cf69.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
түркия, әже
"Түк те қорыққан жоқпын": 74 жастағы әжей парапланмен ұшып, көкте ән салды
15:39 19.06.2026 (жаңартылды: 18:02 19.06.2026) "Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын" дейді әжей
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Астана тұрғыны 74 жастағы Ырзакүл Жәнібекова Түркияға жасаған саяхаты кезінде парапланмен ұшып, көкте Шәмшінің әнін шырқады. Өмірге құштар апамен
Sputnik Қазақстан тілшісі сұхбаттасты.
"Бала арманым ішімде қалып қойған әжемін" деген Ырзакүл әжей өмірге өте құштар жан. Жас ұлғайып, шау тартты деп отырмайды, еңбекқор, елгезек, айтар ақылы көп ауызы дуалы жан.
"Мені 19 жасымда алып қашып кеткен, енем өте жақсы адам болды. "Балаға байланып отырма" дейтін, өзім сауда саласында еңбек еттім. Жас кезімде журналист болсам, әнші болсам, аспанға ұшсам деп армандап едім", - дейді Ырзакүл Жәнібекова.
Ырзакүл әжейдің 4 ұл, 4 қыз, 24 немересі, 13 шөбересі бар.
"Ешқашан арманым орындалмады деп өкінбеу керек. 40-қа келдім, 50-ге келдім, бәрінен қалып қойдым демеу керек. Отағасына "ұшаққа отырып, бұлтқа көтерілмей тұрып, ана дүниеге бармаймын" деп айтушы едім. Әрине, отағасы екеуіміз әртүрлі елдерді көрдік, балаларым бізді Меккеге де апарды", - дейді Ырзакүл Жәнібекова.
Кейде теледидарға қарап отырып, кейбір жастарға қарным ашып отырады. Жастарда үлкенге деген құрмет, ар-намыс, ұят деген болу керек, дейді әжей.
"Өз ата-енемнен бөлек үлкендердің батасын көп алдым. Үлкен кісілердің барлығын сыйладым, алдынан қия өтпедім. Қарапайым әйел болсам да, еліме елеулі, халқыма қалаулы болдым", - деген Ыразкүл әжей өмірде жалпы белсенді жан.
Ол Астанадағы "Ақмаржан" әжелер ансамблінде ән айтады.
Әжей жас кезіндегі мына бір жағдайды еске алды.
"Алып қашып кеткеннен кейін өзен жағасында егіліп жылап отырып, өзіме былай деп серт бердім. Мен Иманғалидің жалғыз қызымын, әке-шешемнің, шыққан жерімнің, Қыпшақ елінің жаман атын шығармаймын. Қандай қиындық болсын көнемін, жеңіп шығамын. Арманыма жетемін деп серт бердім", - дейді Ырзакүл әже.
Ал парапланға отырған сәт 74 жастағы апа үшін есінен кетпес сәт болған.
"Парашютті көріп, балаларыма "мен осыған отырғым кеп тұр" дедім. Түк те қорыққан жоқпын. Міне, арманыма жеттім деп ойладым. Аспанға қалықтағанда "Құстар" әнін орындадым. Өзім осы әнді жақсы көремін. "Қазақстан алға!" деп те айқайладым. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, өте керемет болды! Әлі бала ұқсап жүрмін", - дейді қуанышы қойнына сыймаған апа.
Ырзакұл апа би кешіне де барып, билеп қайтқан. Ол жерде түрік ағайын әжейге құрмет көрсетіп, ілтипат білдірген.
Ырзакүл апа ешқашан "жоқ" дегенді, "шаршадым" дегенді айтпау керек дейді.
74 жастағы Ырзакүл әжейдің бұл жолы үш бірдей арманы орындалды. Ән айтсам деген әжей көкте ән шырқады. Ақ бұлтқа шықсам деген әже парапланмен ұшты. Ал журналист боламын деген арманына келсек, қазіргі уақытта Ырзакүл апа журналистерге сұхбат беріп, қошеметке бөленіп жатыр.