Қазақстан нарығына кіргісі келетін черногориялық компанияларды қуана қарсы аламыз -Тоқаев
14:51 19.06.2026 (жаңартылды: 14:59 19.06.2026)

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Қазақстан мен Черногория президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғасқан келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Тоқаев пен Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Мемлекет басшысы Черногорияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. Сонымен қатар ел басшылығының Еуропа Одағына мүше болуды көздеген сындарлы әрі дәйекті саясатына жоғары баға берді.
"Сіз реформаларды ілгерілетіп, Еуропа Одағы мүшелігіне үміткер саналатын Черногорияның позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарып келесіз. Осы ұлттық стратегиялық мақсатқа жету жолында табыс тілейміз, – деді Тоқаев.
️Президент Қазақстанның Черногориямен серіктестік қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екендігін жеткізді. Айтуынша, Подгорицада Қазақстан Бас консулдығының ашылуы Астананың екіжақты байланыстарды барынша кеңейтуге бейіл екенін көрсетеді.
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерінің бүгінгі кездесуі мен сауда палаталары арасында қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум іскерлік қатынастарды дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерінің бүгінгі кездесуі мен сауда палаталары арасында қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум іскерлік қатынастарды дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Тоқаев пен Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
"Қазақстан нарығына кіргісі келетін черногориялық компанияларды қуана қарсы аламыз. Кәсіпкерлеріңізге қолайлы жағдай жасауға дайынбыз, – деді президент.
Яков Милатович Қазақстанға сапары екіжақты дипломатиялық байланыс орнағанына 20 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отырғанына мән берді.
"Бұл сапар саяси тұрғыдан екі ел арасындағы сенім деңгейі жоғары екенін байқатады. Оның іскерлік бөлігіне жауапты Экономикалық палата да сапардың мазмұнды өтуіне мүдделі. Сауда палаталары арасында қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум тығыз экономикалық ықпалдастыққа тың серпін береді деп санаймын, – деді Черногория президенті.
Тараптар өзара сауда көлемін ұлғайту, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру сияқты экономиканың басты секторларындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар мемлекет басшылары екі елдің туризм, жоғары білім және ғылым салаларындағы серіктестігін, мәдени-гуманитарлық байланыстарын ілгерілетуге уағдаласты.
Осы орайда Тоқаев Милатовичке Черногория Ұлттық кітапханасы жанынан Абай орталығын ашуға ықпал еткені үшін ризашылығын білдірді.
Осы орайда Тоқаев Милатовичке Черногория Ұлттық кітапханасы жанынан Абай орталығын ашуға ықпал еткені үшін ризашылығын білдірді.
