https://sputnik.kz/20260619/qazaqstan-men-chernogoriya-prezidentteri-birlesken-malimdeme-qabyldady-64251942.html
Қазақстан мен Черногория президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады
Қазақстан мен Черногория президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады
Sputnik Қазақстан
Сапар барысында туризм, БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, екі елдің сауда-экономикалық палаталары арасындағы өзара іс-қимылға бағытталған құжаттарға... 19.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-19T16:13+0500
2026-06-19T16:13+0500
2026-06-19T16:14+0500
қазақстан
президент
мәлімдеме
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64251601_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_e22c84b5d5c54547851e57bccd52f973.jpg
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория президенті Яков Милатович бірлескен мәлімдеме қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.Құжатта шынайы достық пен өзара құрметке негізделген дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына орай, президенттер екі ел мен олардың халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және әртараптандыруға бейілділігін растағаны көрсетілген.Черногория тарапы тиімді мемлекеттік басқаруды нығайтуға және орнықты ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді конституциялық және институционалдық реформалар арқылы жүзеге асырылып жатқан Қазақстанның саяси трансформация мен экономикалық жаңғыртуға деген дәйекті бейілділігін жоғары бағалады.Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, өзара сауда көлемін ұлғайту және тікелей инвестицияларды ынталандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылды жандандыруға уағдаласты. Олар энергетика, көлік, логистика және құрылыс салаларын қоса алғанда, негізгі секторлардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Тараптар өзара іс-қимылдың жаңа бағыты ретінде цифрлық даму және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін де атап өтті.Президенттер Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытудағы негізгі рөлін ерекше атап өтіп, оны Азия мен Еуропаны байланыстыратын сенімді әрі тиімді дәліз ретіндегі маңызының артып келе жатқанын мойындады.Тараптар жоғары білім, ғылым және зерттеулер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге, сондай-ақ бірлескен академиялық және ғылыми бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге уағдаласып, мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін растады.
https://sputnik.kz/20260619/toqaev-chernogoriya-prezidentimen-kelissoz-zhurgizdi-64244154.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/13/64251601_17:0:1189:879_1920x0_80_0_0_4635d1b03345720bbd1b34108a3c7b71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, президент, мәлімдеме
қазақстан, президент, мәлімдеме
Қазақстан мен Черногория президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады
16:13 19.06.2026 (жаңартылды: 16:14 19.06.2026) Сапар барысында туризм, БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, екі елдің сауда-экономикалық палаталары арасындағы өзара іс-қимылға бағытталған құжаттарға қол қойылды
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Черногория президенті Яков Милатович бірлескен мәлімдеме қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Құжатта шынайы достық пен өзара құрметке негізделген дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына орай, президенттер екі ел мен олардың халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және әртараптандыруға бейілділігін растағаны көрсетілген.
Черногория тарапы тиімді мемлекеттік басқаруды нығайтуға және орнықты ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді конституциялық және институционалдық реформалар арқылы жүзеге асырылып жатқан Қазақстанның саяси трансформация мен экономикалық жаңғыртуға деген дәйекті бейілділігін жоғары бағалады.
"Өз кезегінде, Қазақстан тарапы Черногорияның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы ілгерілеуін жоғары бағалап, Черногорияның Еуропалық Одаққа (ЕО) толыққанды мүше болу жолындағы күш-жігерін қолдайтынын растады және реформаларды одан әрі ілгерілету мен институционалдық әлеуетті нығайту ЕО-ға кіру бойынша келіссөздердің ойдағыдай аяқталуына ықпал ететініне сенім білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін атап өтіп, өзара сауда көлемін ұлғайту және тікелей инвестицияларды ынталандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылды жандандыруға уағдаласты. Олар энергетика, көлік, логистика және құрылыс салаларын қоса алғанда, негізгі секторлардағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Тараптар өзара іс-қимылдың жаңа бағыты ретінде цифрлық даму және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін де атап өтті.
Президенттер Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытудағы негізгі рөлін ерекше атап өтіп, оны Азия мен Еуропаны байланыстыратын сенімді әрі тиімді дәліз ретіндегі маңызының артып келе жатқанын мойындады.
Тараптар жоғары білім, ғылым және зерттеулер саласындағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге, сондай-ақ бірлескен академиялық және ғылыми бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерделеуге уағдаласып, мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін растады.