Павлодар облысында көліктер соқтығысып, екі адам көз жұмды

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Жазылу
Екінші автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Павлодар облысында көліктер соқтығысып, екі адам көз жұмды.
Оқиға 19 маусымда "Омбы – Майқапшағай" автожолында болған. Тас жолда Changan және Skoda Rapid маркалы көліктері соқтығысқан.
Салдарынан Skoda көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Екінші автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Тергеу жүріп жатыр.
Қарағанды ​​облысында жол апатынан екі мотоциклші көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2026
Қарағанды ​​облысында жол апатынан екі мотоциклші көз жұмды
Жаңалықтар
0