Биыл 32 мыңға жауық адам табиғи газға қол жеткізеді

© Photo : Пресс-служба акима ЮКОБиыл 32 мыңға жауық адам табиғи газға қол жеткізеді
Биыл 32 мыңға жауық адам табиғи газға қол жеткізеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Жазылу
Республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға 27,3 млрд теңге бөлінген
️АСТАНА, 19 маусым - Sputnik. Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев газ саласының даму перспективалары туралы айтты.
Айтуынша, Қазақстанды газдандыру 2035 жылға дейінгі Бас газдандыру схемасы аясында жүзеге асырылып келеді.
© Photo : Энергетика министрлігіБиыл 32 мыңға жауық адам табиғи газға қол жеткізеді
Биыл 32 мыңға жауық адам табиғи газға қол жеткізеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Биыл 32 мыңға жауық адам табиғи газға қол жеткізеді
"️2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12,6 млн адам, яғни ел халқының 62,4%-і табиғи газға қол жеткізген. 82 газбен жабдықтау жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды. Бір жыл ішінде 2 мың шақырымнан астам газ құбыры салынды", - деді Тұтқышбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.
Вице-министрдің айтуынша, биыл республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға 27,3 млрд теңге бөлінді. Бұл газдандыру деңгейін 64,3%-ға дейін жеткізіп, қосымша 32 мыңға жуық адамды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұтқышбаев Қостанай облысында іске асырылып жатқан КС-14 жаңа компрессорлық станциясын және "КС-14 – Қостанай" магистральдық газ құбырын салу жобасы туралы айтты.
"Жоба астықты терең өңдеу, глинозем мен алюминий өндіру, газ-химия кешені және ыстықтай брикеттелген темір шығару секілді ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.️Аталған жоба катарлық инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. ️Сонымен қатар, катарлық инвесторлармен бірлесіп "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін салудың бірінші кезеңі іске асырылуда", - деді вице-министр.
️Жыл соңына дейін ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын және жылына 10 млрд текше метрге дейін газ өткізуге қабілетті газ құбырының желілік бөлігінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

2027–2029 жылдарға жоспарланған екінші кезең аясында компрессорлық станциялар салынып, газ құбырының өткізу қабілеті жылына 15 млрд текше метрге дейін ұлғайтылатын болады, деді министрлік.
1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33 %-ке қымбаттайды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33 %-ке қымбаттайды
Жаңалықтар
0