АҚШ Украинадағы биозертханалар туралы ақпаратты әдейі жасырды - Ресей қорғаныс министрлігі

© AP Photo / AP Photo / Mstyslav ChernovБиозертхана
Биозертхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Жазылу
Министрлік биоқаруларды әзірлеудің жаңа дәлелдеріне қол жеткізді
АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. АҚШ билігі Украинадағы және басқа елдердегі биозертханалар туралы ақпаратты әдейі жасырды, деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрлігі.
Ресей Қарулы күштерінің Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерінің бастығы генерал-лейтенант Алексей Ртищев Ресей Федерациясы Украина мен Батыс елдерінің Биологиялық және токсинді қарулар туралы конвенцияны бұза отырып, әскери биологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруы туралы тиісті халықаралық форумдарда, соның ішінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясында бірнеше рет талқылаулар бастағанын хабарлады.
"Сіздер бұған дейін осы тақырып бойынша өткізілген брифингтерді Ресей қорғаныс министрлігінің сайтынан көре аласыздар. Күні бүгінге дейін біз тек жалған ақпарат туралы сылтаулар мен айыптаулар естіп келдік. Дегенмен Батыс елдерінің бұл заңсыз әрекеті туралы құжатталған ақпаратты халықаралық қауымдастықпен бөлісу бізге жағдайды өзгертуге мүмкіндік берді", - деді ол.
© Photo : Минобороны РоссииПодтверждения разработки Украиной биологического оружия
Подтверждения разработки Украиной биологического оружия - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Подтверждения разработки Украиной биологического оружия
Осылайша 2026 жылдың мамыр айында АҚШ Ұлттық барлау қызметінің директоры Тулси Габбард бұрынғы АҚШ әкімшілігінің 120 шетелдік биозертхананы қаржыландыруына қатысты тергеу басталғанын жариялады. Айта кетері, олардың 40-тан астамы Украинада орналасқан.
12 маусымда Ұлттық барлау қызметі директорының кеңсесі АҚШ билігінің Украинадағы және басқа елдердегі биозертханалар туралы ақпаратты әдейі жасырғанын растайтын құпиясыздандырылған құжаттарды қамтитын баспасөз хабарламасын жариялады. Жарияланған деректерге сәйкес: "...АҚШ әкімшілігі қаржыландыратын көптеген биозертхана іс жүзінде ешқандай бақылаусыз қауіпті патогендермен, соның ішінде "функцияны арттыру" деп аталатын саладағы эксперименттермен зерттеулер жүргізді немесе жүргізуді жалғастыруда..."
Украинадағы биозертханалар АҚШ федералды қаражатымен қаржыландырылғаны және жаңартылғаны туралы қосымша дәлелдер алынды.
"Мысалы, Ұлттық барлау қызметі директорының кеңсесі жариялаған баспасөз хабарламасында Украинадағы биозертханалардың картасы көрсетілген. Құжаттарда Харьков, Днепропетровск, Львов, Винница, Тернополь, Чернигов және Одессадағы нысандар көрсетілген. Ол жақтв оба, Сібір жарасы, туляремия, Марбург және Эбола безгегінің қоздырғыштары бойынша зерттеулер жүргізілген", - деді Ртищев.
Ртищев сонымен қатар АҚШ Ұлттық барлау қызметінің жарияланған баспасөз хабарламасында қаржыландыру көлемі мен мердігерлердің мәліметтерін көрсететін биозертханалар тізімінен үзінді бар екенін хабарлады. Ол картада "биологиялық қару сақтау орны" ретінде белгіленген Одессадағы Мечников атындағы обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтына назар аударды.
© Минобороны РоссииПодтверждения разработки Украиной биологического оружия
Подтверждения разработки Украиной биологического оружия - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Подтверждения разработки Украиной биологического оружия
Құжатқа сәйкес, оны қайта құруға тапсырыс беруші АҚШ қорғаныс министрлігі, ал мердігер - АҚШ әскери ведомствосына қарасты "Блэк энд Вич" компаниясы.
"Институттың қызметі Ресей Федерациясының бастамасымен шақырылған Биологиялық және токсинді қаруғы тыйым салу конвенциясына қатысушы мемлекеттердің консультативтік кездесуі кезінде көптеген сұрақ туғызғанын еске сала кетейін. Бұл сұрақтар тырысқақ, туляремия және бруцеллез тудыратын патогендер бар контейнерлерді сақтау көлемінің негізсіз ұлғаюына қатысты болды. Өйткені оларды бейбіт мақсатта пайдаланудың құжаттық дәлелдері болмаған", - деді Ртищев.
Бұл бұзушылық Украина денсаулық сақтау министрлігінің мекемедегі штамм жинағын тексеруден кейін жасаған есебінде құжатталған. Қызамық, дифтерия және туберкулез ауруының көбеюі байқалатын Украинаның қазіргі денсаулық сақтау саласындағы проблемаларына сәйкес келмейтін патогендердің номенклатурасы украин биозертханаларында биологиялық қару компоненттерін жасауға әрекеттенгенін көрсетеді.
Ртищев сонымен қатар Харьковтағы эксперименттік және клиникалық ветеринариялық медицина институты да көп сұрақ тудырғанын айтты.
"Институт зерттеген жұқпалы жануарлар ауруларының тізіміне адамдарға берілуі мүмкін және ауыл шаруашылығы саласына зиян келтіруі мүмкін ауыр аурулар кіреді. Оларға жоғары патогенді құс тұмауы, сондай-ақ африкалық және классикалық шошқа безгегі және пандемиялық әлеуеті бар Ньюкасл ауруы жатады. Маңқа ауруына қатысты зерттеуге арналған бөлек жоба америкалық зооноздық инфекциялар бағдарламасы бойынша қаржыландырылған, дегенмен бұл ауру Украинада ешқашан тіркелмеген", - деді Ртищев.
© Photo : Минобороны РоссииПодтверждения разработки Украиной биологического оружия
Подтверждения разработки Украиной биологического оружия - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.06.2026
Подтверждения разработки Украиной биологического оружия
Ол сондай-ақ жоғарыда аталған баспасөз хабарламасында көрсетілмеген әскери-биологиялық бағыты бар украин жобалары жайында да айтты.
"Біз жарияланған құжаттарды Киев режимінің Конвенция бойынша міндеттемелерін бұзуының тағы бір дәлелі деп санаймыз және тиісті халықаралық форумдарда осы мәселенің түсіндірілуіне қол жеткізуге тырысамыз. Сондықтан Ресей Федерациясына қарсы жалған ақпарат таратқаны және халықаралық қауымдастықты адастыру үшін гибридті операциялар жүргізгені туралы барлық айыптау толығымен жалған. Ресей қорғаныс министрлігі келіп түскен ақпаратты талдауды жалғастырады. Бізде белгілі бір мөлшерде өте маңызды жаңа материалдар бар. Бұл материалдар талданып, тиісті құжаттар қаралып жатыр. Нәтижелер туралы сіздерді хабардар етіп отырамыз", - делінген мәлімдемеде.
АҚШ Украинадағы биозертханалардың жұмысын тексеріп жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2026
АҚШ Украинадағы биозертханаларды не үшін тексеріп жатыр
Жаңалықтар
0