Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ҰҚШҰ Брянск облысында балалар отырған автобусқа жасалған шабуылды айыптады

© Пресс-служба врио губернатора Брянской области / Медиабанкке өтуУкраина қарулы күштері Брянск облысында балалар мінген автобусқа шабуыл жасады
Украина қарулы күштері Брянск облысында балалар мінген автобусқа шабуыл жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Жазылу
Беларусь елінің жасөспірімдер футбол командасы Ресейге демалуға бара жатқан
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Таалатбек Масадыков Брянск облысында Украина қарулы күштерінің балалар мінген автобусқа жасаған соққысына қатысты пікір білдірді.
Оқиға 17 маусымда болған. Беларусьтың жасөспірімдер футбол командасы Ресейдің Геленджик курорттық қаласына бара жатқан. Бортта 44 жолаушы болған, оның ішінде Речица қаласындағы №2 жасөспірімдер спорт мектебінің 28 жас спортшысы бар. Соққы кезінде топпен бірге барған бір әйел қаза тапты.
© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуБрянск облысында шабуылдан зардап шеккен балалардың Белоруське оралу сәті
Возвращение в Белоруссию детей, пострадавших от атаки ВСУ в Брянской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Брянск облысында шабуылдан зардап шеккен балалардың Белоруське оралу сәті
Жарақат алған балалар да бар. Екі бала жансақтау бөлімінде жатыр.
"ҰҚШҰ хатшылығының атынан беларусьтық әріптестерімізге Ресей Федерациясының Брянск облысында Беларусь азаматтары, оның ішінде балалар отырған автобусқа соққы жасалуына байланысты көңіл айтамын. Қазіргі уақытта бір жолаушы қаза тауып, сегіз адам жараланғаны белгілі", - деп жазды Масадыков.
Ол Киевтің балаларға жасаған шабуылын айыптады.
© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуБрянск облысында шабуылдан зардап шеккен балалардың Белоруське оралу сәті
Возвращение в Беларусь детей, пострадавших от атаки ВСУ в Брянской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Брянск облысында шабуылдан зардап шеккен балалардың Белоруське оралу сәті
"Мен бұл қылмыстық әрекетті үзілді-кесілді айыптаймын. Бейбіт тұрғындарға, әсіресе балаларға қарсы жасалған мұндай әрекеттерді ақтау мүмкін емес", - деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкоға Брянск облысында зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын.
© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуБрянск облысында шабуылдан зардап шеккен балалардың Белоруське оралу сәті
Возвращение в Беларусь детей, пострадавших от атаки ВСУ в Брянской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2026
Брянск облысында шабуылдан зардап шеккен балалардың Белоруське оралу сәті
Беларусь Төтенше жағдайлар министрлігі мен жол полициясының сүйемелдеуімен Ресейге үш медициналық бригада аттанғанын хабарлады.
Автобусқа жасалған шабуыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Брянск облысындағы шабуылдан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды
Жаңалықтар
0