Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр
11:17 18.06.2026 (жаңартылды: 11:38 18.06.2026)
Жазылу
Өткен жылы Қазақстанның сыртқы қарызы бірден 10,4%-ке өсті
АСТАНА, 18 маусым - Sputnik. Бес жылда Орталық Азия елдерінің сыртқы қарызы 34,9%-ке өсті, бұл Түрікменстанды есептемегенде, деп хабарлайды Ranking.kz.
ТМД cтаткомитеті мен Еуразиялық экономикалық комиссияның деректеріне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның сыртқы борышы шамамен 290,8 млрд долларға жетті.
Ең үлкен қарыз Қазақстандыкі - 62,5%. Өткен жылы Қазақстанның басқа елдер алдындағы борышы бірден 10,4%-ке өсті.
Өзбекстанның сыртқы қарызы соңғы жылдары, оның ішінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық қарқынмен өсті. Өткен жылы ел бұл көрсеткішті бірден 26%-ке, 89,6 млрд долларға дейін арттырды. Бес жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда өсім 2,5 есе болды. Қырғызстан мен Тәжікстанда соңғы жылдары халықаралық қарыздың өсуі қалыпты.
Мәселен, ҚХР-да былтыр басқа мемлекеттер алдындағы берешегі небәрі 0,5%, 12,4 млрд долларға дейін өскен. Орталық Азияның төрт елінің ішінде Тәжікстан сыртқы қарызы ең аз мемлекет. Небәрі 6,9 млрд доллар. Ал Түрікменстан бойынша деректер ұсынылмаған.