Заңға қайшы жарнама орналастырғаны үшін Krisha сайтына айыппұл салынды

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Жазылу
Аталған интернет-алаңдарда жарнамаланған нысандарда көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына азаматтардың қаражатын тартуға, сондай-ақ осындай нысандарды жарнамалауға уәкілетті органның тиісті рұқсаты болмаған
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Алматыда Krisha сайты заң талаптарына сәйкес келмейтін жарнама орналастырғаны үшін айыппұл төледі.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, құқық бұзушылық үлестік құрылысқа қатысушылардың қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үй құрылысы нысандарының жарнамасын орналастыруға байланысты анықталған.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Krisha.kz және Korter.kz интернет-платформаларының операторларына Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңы талаптарын бұза отырып, құрылыс нысандарының жарнамасын орналастырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.
Нәтижесінде екі компанияға да әкімшілік айыппұл салынды: "Колеса" АҚ-на (Krisha.kz) – 1000 АЕК, ал "Флетфай-Қазақстан" филиалына (Korter.kz) – 500 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына азаматтардың қаражатын тартуға, сондай-ақ осындай нысандарды жарнамалауға уәкілетті органның тиісті рұқсаты немесе үлескерлердің құқығын қорғаудың заңда көзделген өзге де тетіктері болған жағдайда ғана жол беріледі. Аталған интернет-алаңдарда жарнамаланған нысандарда мұндай рұқсат құжаттары болмаған.
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2026
Алматыда сахнада былапыт сөз айтқан әншіге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0