Қазақстан мен ТМД азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратқан қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Polisia.kzҚазақстан мен ТМД азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстан мен ТМД азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратқан қылмыстық топ ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Жазылу
Халықаралық қылмыстық топтың әрекетіне Қазақстан мен Чехия полициясы бірлесе тосқауыл қойды
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және қадағалау органымен, сондай-ақ Чехия полициясымен бірлесіп Қазақстан мен ТМД елдерінің азаматтарының жеке деректерін заңсыз таратумен айналысқан халықаралық арнаны жойды.

"Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде халықаралық деңгейде әрекет еткен қылмыстық топтың қызметі әшкереленіп, жолы кесілді. Қылмыстық іс бойынша күдіктілердің Чехияның Усти-над-Лабем қаласында, сондай-ақ Астана, Алматы және Қарағандыда тінту жұмыстары жүргізілді. Тергеу әрекеттері барысында заңсыз қызметтің дәлелдерін қамтитын көптеген цифрлық ақпарат тасымалдағыштар, қолма-қол ақша тәркіленді, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыру үшін күдіктілер Қазақстан және көршілес мемлекеттердің азаматтарына қатысты жеке деректер орналастырылған жабық интернет-ресурс құрған.
Топ ішінде нақты иерархиялық құрылым болған: әрбір қатысушы өзіне жүктелген міндетті атқарған. Олар қылмыстық схеманы үйлестірушілерден бастап, жеке деректерді заңсыз анықтауға қатысты тапсырыстарды қабылдап, өңдейтін операторларға дейінгі қызметтерді орындаған. Заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-аккаунттар пайдаланылған.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырған күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Азаматтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан қылмыстық топ ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2026
Азаматтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар
0