https://sputnik.kz/20260617/mazhilismen-songy-deputattyq-saualyn-zholdap-otyrganyn-malimdedi-64180803.html
Мәжілісмен соңғы депутаттық сауалын жолдап отырғанын мәлімдеді
Мәжілісмен соңғы депутаттық сауалын жолдап отырғанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Болатбек Нажметдинұлы халықаралық көлік дәлізіндегі жылдамдық мәселесі бойынша сауал жолдады 17.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-17T13:10+0500
2026-06-17T13:10+0500
2026-06-17T13:11+0500
депутаттық сауал
мәжіліс депутаты
партия
жол
жылдамдықты асыру
https://sputnik.kz/img/886/78/8867837_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5570bdb08d41ea2cf5b666ba3368b84b.jpg
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мәжілісмен Болатбек Нажметдинұлы үкіметке соңғы депутаттық сауалын жолдап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Төменгі палатаның бүгінгі отырысында Нажметдинұлы өз сөзін: "Менің мәжілістегі соңғы депутаттық сауалым премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа арналады", - деп бастады.Депутат өз сауалында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіндегі жылдамдық режимі мәселесін көтерді. Бүгінде оңтүстіктегі елді мекендер маңында жылдамдықты 60 шақырымнан арттыруға болмайды.Айтуынша, барлық жерде полиция тарапынан жылдамдық режимін қадағалау күшейтілген. Соның салдарынан көптеген жүргізушілер жол қауіпсіздігіне емес, айыппұл алмауға көбірек алаңдайтын болыпты.Осы орайда ол қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін, қоршалған және қарсы бағыттары бөлінген учаскелерде рұқсат етілген жылдамдықты кезең-кезеңімен арттыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.Айта кетері, Нәжмединұлы парламентке 2023 жылы бір мандатты округтен – Шымкенттен сайланған болатын. Артынан AMANAT партиясына қосылды. Бұл саяси ұйым жақында ӘDILET партиясына қосылды.
https://sputnik.kz/20260531/khalyqaralyq-avtozholdyn-zhambyl-oblysyndagy-eki-uchaskesinde-zhyldamdyq-shegi-ozgerdi-63844284.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/886/78/8867837_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_c078df1702bb3b410755ddbe2cd327a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутаттық сауал, мәжіліс депутаты, партия, жол, жылдамдықты асыру
депутаттық сауал, мәжіліс депутаты, партия, жол, жылдамдықты асыру
Мәжілісмен соңғы депутаттық сауалын жолдап отырғанын мәлімдеді
13:10 17.06.2026 (жаңартылды: 13:11 17.06.2026) Болатбек Нажметдинұлы халықаралық көлік дәлізіндегі жылдамдық мәселесі бойынша сауал жолдады
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Мәжілісмен Болатбек Нажметдинұлы үкіметке соңғы депутаттық сауалын жолдап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төменгі палатаның бүгінгі отырысында Нажметдинұлы өз сөзін: "Менің мәжілістегі соңғы депутаттық сауалым премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа арналады", - деп бастады.
Депутат өз сауалында "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіндегі жылдамдық режимі мәселесін көтерді. Бүгінде оңтүстіктегі елді мекендер маңында жылдамдықты 60 шақырымнан арттыруға болмайды.
"Егер мұндай учаскелерде жаяу жүргіншілердің жолға шығу мүмкіндігі болмаса, қарсы бағыттағы көлік ағындары толық бөлінген болса және қауіпсіздікке қатысты барлық инженерлік шешімдер іске асырылған болса, онда мұндай шектеулердің қажеттілігі неде?", - дейді Нажметдинұлы.
Айтуынша, барлық жерде полиция тарапынан жылдамдық режимін қадағалау күшейтілген. Соның салдарынан көптеген жүргізушілер жол қауіпсіздігіне емес, айыппұл алмауға көбірек алаңдайтын болыпты.
"Нәтижесінде азаматтар ақылы жолды пайдаланып қана қоймай, кей жағдайларда ондаған мың, тіпті жүз мың теңгеге дейін жететін айыппұлдар алып жатыр. Егер бұл республикалық маңызы бар автомобиль жолдары болса, онда неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады? Мәселен, кейбір облыстарда дәл осындай санаттағы жолдарда рұқсат етілген жылдамдық 120-140 км/сағатқа дейін көтерілген", - деп атап көрсетті мәжілісмен.
Осы орайда ол қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетін, қоршалған және қарсы бағыттары бөлінген учаскелерде рұқсат етілген жылдамдықты кезең-кезеңімен арттыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Айта кетері, Нәжмединұлы парламентке 2023 жылы бір мандатты округтен – Шымкенттен сайланған болатын. Артынан AMANAT партиясына қосылды. Бұл саяси ұйым жақында ӘDILET партиясына қосылды.