Уранды Қытайға заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Уранды Қытайға заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды
Уранды Қытайға заңсыз шығармақ болған алты адам сотталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Олар материалдарды өндірістік кәсіпорыннан жасырын шығарып, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Жетісу облысында ядролық материалдарды Қазақстаннан заңсыз шығармақ болған алты сотталушыға қатысты үкім шығарды.

Сотталушыларға ядролық материалдармен заңсыз айналысу және уран концентратын Қазақстаннан Қытайға заңсыз алып өтуге әрекет жасау айыбы тағылды.

Анықталғандай, ұйымдасқан топ алдын ала сөз байласу арқылы уран концентратын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау және мемлекеттік шекара арқылы өткізу схемасын жүзеге асырған. Қылмыстық әрекет бірнеше кезеңнен тұрған:
материалдарды өндірістік кәсіпорыннан жасырын шығару;
оларды әртүрлі тұлғалар арқылы тасымалдау;
мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпыныс жасау.

""Нұр Жолы" өткізу пунктінде шекаралық бақылау барысында радиоактивті заттар анықталған. Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, аталған заттардың уран концентраты екені және олардың радиоактивтік белсенділік деңгейі белгіленген нормалардан бірнеше есе жоғары екені анықталған", - дейді облыстық сот.

Сот үш айыпталушының әрқайсысына 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Тағы екі сотталушы 2 жыл 6 айға, тағы біреуі 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Олар жазасын орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтейтін болады.
Жамбыл облысында шетелге 1 млрд теңгенің кенін заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Жамбыл облысында шетелге 1 млрд теңгенің кенін заңсыз әкетпек болғандардың жолы кесілді
Жаңалықтар
0