Түркістан облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті

© Sputnik / Игорь Маслов / Медиабанкке өтуРельстен шыққан вагон
Рельстен шыққан вагон - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2026
Жазылу
Жолаушыларға медициналық көмек ұсынылды, бірақ олар көмектен бас тартқан
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Түркістан облысында "Саратов - Алматы" жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ оқыс жағдайға техникалық ақаулар себеп болғанын хабарлады.
"16 маусымда сағат 12:49-да Шиелі-Түркістан учаскесінде Саратов пен Алматы арасында жүретін №7/8 жолаушылар пойызының вагонының жұп дөңгелегі техникалық ақауларға байланысты рельстен шығып кетті", - деп жазылған хабарламада.
Компанияда хабарлағандай, жолаушыларға медициналық көмек ұсынылды, бірақ олар көмектен бас тартқан.
Төтенше жағдайдың салдарын жою және қызмет көрсетуді қалпына келтіру үшін оқиға орнына жедел түрде қалпына келтіру пойызы жіберіліп, жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз белгіленген.
"Жолаушыларды отырғызу және жөнелту жұмыстары жедел ұйымдастырылды", - дейді компанияда.
Рельсы, железная дорога - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2026
Қызылорда облысында 6 вагон рельстен шығып кетті
Жаңалықтар
0