https://sputnik.kz/20260616/qostanay-oblysynda-er-adam-6-zhastagy-nemeresimen-suga-batyp-ketti-64157637.html
Қостанай облысында ер адам 6 жастағы немересімен суға батып кетті
Қостанай облысында ер адам 6 жастағы немересімен суға батып кетті
Sputnik Қазақстан
Екі күн бойы іздестірілген марқұмдардың денесі бүгін судан шығарылды 16.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-16T12:22+0500
2026-06-16T12:22+0500
2026-06-16T12:24+0500
қостанай облысы
суға батты
бала
төтенше жағдай
құтқару қызметі
https://sputnik.kz/img/1032/41/10324191_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_c92a3ec59a02a6c2276a6cc6cbe2a9c4.jpg
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қостанай облысы Алтын Дала ауылы маңындағы Тобыл өзенінде атасы мен немересі суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Қайғылы жағдай 14 маусымда болған.Оқиға орнында Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері, полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеген. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар көмек көрсеткен.Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 100 ден аса жеке құрам қызметкері, 26 бірлік техника, 12 жүзу құралы және 5 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.
https://sputnik.kz/20260610/tyyym-salyngan-zherde-shomylgan-batys-qazaqstanda-ush-zhasospirim-suga-batyp-ketti-64027997.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1032/41/10324191_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_7cb746271297a6e88a057a1a33acce13.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, суға батты, бала, төтенше жағдай, құтқару қызметі
қостанай облысы, суға батты, бала, төтенше жағдай, құтқару қызметі
Қостанай облысында ер адам 6 жастағы немересімен суға батып кетті
12:22 16.06.2026 (жаңартылды: 12:24 16.06.2026) Екі күн бойы іздестірілген марқұмдардың денесі бүгін судан шығарылды
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Қостанай облысы Алтын Дала ауылы маңындағы Тобыл өзенінде атасы мен немересі суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы жағдай 14 маусымда болған.
"Отбасы өзен жағасында демалып отырған кезде бала су жиегінде ойнап жүріп, ағысы қатты жерге түсіп кеткен. Оқиғаны көрген атасы немересін құтқаруға ұмтылғанымен, өзеннің қатты ағысы екеуін де алып кеткен", - дейді құтқарушылар.
Оқиға орнында Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері, полиция қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеген. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар көмек көрсеткен.
"16 маусымда 2020 жылы туған баланың денесін оқиға орнынан өзен ағысымен шамамен 1,5 шақырым төмен жерден тауып, судан шығарды. Сондай-ақ жедел-құтқару жасағы мен еріктілер 1967 жылы туған ер адамның денесін өзен ағысымен шамамен 5 шақырым төмен жерден тауып алды", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 100 ден аса жеке құрам қызметкері, 26 бірлік техника, 12 жүзу құралы және 5 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.