https://sputnik.kz/20260616/almatyda-zhi-basqaratyn-yandex-robotaksi-iske-qosylmaq--64159748.html
Алматыда ЖИ басқаратын Yandex роботакси іске қосылмақ
Алматыда ЖИ басқаратын Yandex роботакси іске қосылмақ
Sputnik Қазақстан
Пилоттық жобаларды іске асыру үшін ең перспективалы алаңдар Астана мен Алматы таңдап алынған 16.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-16T14:06+0500
2026-06-16T14:06+0500
2026-06-16T14:06+0500
алматы
такси
https://sputnik.kz/img/07ea/06/10/64155885_0:82:1257:789_1920x0_80_0_0_04819255fa7da83d7933f6712f4304c8.jpg
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Алматыда Yandex Qazaqstan компаниясы роботакси ұсынды.Қазақстанның көлік вице-министрі Дамир Қожахметовке жаңа өнім көрсетілді. Роботакси пилоттық режимнен және шектеулі тестілеуден бастап кезең-кезеңімен іске қосылады. Бұл формат қаладағы нақты жағдайларды ескере отырып технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, деп атап өтті көлік министрлігі.Қазір роботаксиді пайдалану үшін нормативтік база қалыптасып жатыр."Негізгі ұғымдарды енгізуді, роботаксиді пайдалану тәртібін айқындауды, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін бөлуді және қажетті құқықтық инфрақұрылымды құруды көздейтін заңнамалық түзетулер дайындалды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұшқышсыз технологиялар бірқатар елдерде сәтті қолданылуда. Қазақстан үшін оларды енгізу экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", - деді көлік министрлігі.Пилоттық жобаларды іске асыру үшін ең перспективалы алаңдар Астана мен Алматы таңдап алынған. Қалаларда дамыған цифрлық инфрақұрылым және зияткерлік көлік жүйелерінің қажетті элементтері бар, деп атап өтті ведомствода.Роботаксиді енгізу барлық қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады, дейді министрлік.
https://sputnik.kz/20260519/ortalyq-aziyadagy-tungysh-aerotaksi-alatau-qalasynda-synaqtan-otti-63564370.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/10/64155885_87:13:1200:848_1920x0_80_0_0_a3850291ff504e6e3cbd6d45bc16a09b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, такси
Алматыда ЖИ басқаратын Yandex роботакси іске қосылмақ
Пилоттық жобаларды іске асыру үшін ең перспективалы алаңдар Астана мен Алматы таңдап алынған
АСТАНА, 16 маусым - Sputnik. Алматыда Yandex Qazaqstan компаниясы роботакси ұсынды.
Қазақстанның көлік вице-министрі Дамир Қожахметовке жаңа өнім көрсетілді. Роботакси пилоттық режимнен және шектеулі тестілеуден бастап кезең-кезеңімен іске қосылады. Бұл формат қаладағы нақты жағдайларды ескере отырып технологияларды енгізуге мүмкіндік береді, деп атап өтті көлік министрлігі.
"Сервисте диспетчерлермен тәулік бойы байланыс және сапарларды сақтандыру жоспарланып отыр. Пилотсыз көлікті басқару жүйесі автономды жүргізудің дәлелденген тәсілдеріне негізделеді. Соның ішінде жасанды интеллект, жол жағдайын үнемі бақылау және ойластырылған қауіпсіз әрекет ету жоспарлануда. Тәжірибе жинақталып, жұмыстың тұрақтылығы болғанда сервис ауқымды болады", - деді ведомство.
Қазір роботаксиді пайдалану үшін нормативтік база қалыптасып жатыр.
"Негізгі ұғымдарды енгізуді, роботаксиді пайдалану тәртібін айқындауды, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін бөлуді және қажетті құқықтық инфрақұрылымды құруды көздейтін заңнамалық түзетулер дайындалды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұшқышсыз технологиялар бірқатар елдерде сәтті қолданылуда. Қазақстан үшін оларды енгізу экономиканың жоғары технологиялық салаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады", - деді көлік министрлігі.
Пилоттық жобаларды іске асыру үшін ең перспективалы алаңдар Астана мен Алматы таңдап алынған. Қалаларда дамыған цифрлық инфрақұрылым және зияткерлік көлік жүйелерінің қажетті элементтері бар, деп атап өтті ведомствода.
Роботаксиді енгізу барлық қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады, дейді министрлік.