https://sputnik.kz/20260615/toqaev-qazaqstan-armiyasyn-tsifrlyq-turgydan-transformatsiyalaudy-tapsyrdy-64129932.html
Президент Қазақстан армиясын цифрлық тұрғыдан трансформациялауды тапсырды
Президент Қазақстан армиясын цифрлық тұрғыдан трансформациялауды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Президент қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге назар аударуды айтты 15.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-15T16:36+0500
2026-06-15T16:36+0500
2026-06-15T18:34+0500
президент
қорғаныс министрлігі
қазақстанның қарулы күштері
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0f/64129739_0:8:1281:728_1920x0_80_0_0_beec9b54955e8681086a6db972b83c01.jpg
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Дәурен Қосанов қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар, ведомствоның автоматтандырылған басқару жүйелері мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту туралы мәлімет берді.Сонымен қатар әскери басқару органдары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге және әскерлердің жауынгерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған "Батыл тойтарыс – 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына әзірлік барысын баяндады.Әскерге шақыру науқаны, әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде де есеп беріліп, 21-27 маусым аралығында Бурабайда "Айбын – 2026" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды.Мемлекет басшысы қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
https://sputnik.kz/20260423/askerge-baryp-kelgen-zhastarga-oquga-grant-tabystaldy-62902652.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0f/64129739_145:0:1134:742_1920x0_80_0_0_0e17e118508577fde20336e3c224f1f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қорғаныс министрлігі, қазақстанның қарулы күштері
президент, қорғаныс министрлігі, қазақстанның қарулы күштері
Президент Қазақстан армиясын цифрлық тұрғыдан трансформациялауды тапсырды
16:36 15.06.2026 (жаңартылды: 18:34 15.06.2026) Президент қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге назар аударуды айтты
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Дәурен Қосанов қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар, ведомствоның автоматтандырылған басқару жүйелері мен цифрлық инфрақұрылымын дамыту туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар әскери басқару органдары арасындағы байланысты қамтамасыз етуге және әскерлердің жауынгерлік әлеуетін күшейтуге бағытталған "Батыл тойтарыс – 2026" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына әзірлік барысын баяндады.
"Голан жоталарындағы екінші ұлттық контингент миссиясының сәтті аяқталғанын және үшінші контингенттің ротациясы басталғанын, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесіне халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға берілгенін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Әскерге шақыру науқаны, әскери қызметшілердің мәртебесін көтеру бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде де есеп беріліп, 21-27 маусым аралығында Бурабайда "Айбын – 2026" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізуге дайындық мәселелеріне назар аударылды.
Мемлекет басшысы қарулы күштердің жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге, армияны цифрлық тұрғыдан трансформациялауға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.