https://sputnik.kz/20260615/togyzynshy-qabattan-qulagan-qyz-darigerlerdin-arqasynda-aman-qaldy-64141210.html
Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Sputnik Қазақстан
Басында комада болған оның аяқ-қолы ғана емес, омыртқасы мен жамбасы да сынған 15.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-15T20:39+0500
2026-06-15T20:39+0500
2026-06-15T20:42+0500
алматы
дәрігер
операция
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58015753_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_91732bafcd6eb1d15b17e81af7fef1df.jpg
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Алматылық дәрігерлер 9-шы қабаттан құлаған қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.17 жастағы қыз көптеген дене жарақатымен ауруханаға түскен. Басында комада болған оның аяқ-қолы ғана емес, омыртқасы мен жамбасы да сынған. Ал көкет жыртылғаннан кейін асқазан, көкбауыр мен ішектің бір бөлігі кеуде жаққа қозғалып кеткен. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, барлық органды құрсақ қуысына қайтарды. Одан кейін көкетті тігіп тастады. Ал көкбауырды кесіп тастауға тура келді.Пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін дәрігерлер ем-домның келесі кезеңіне - сүйектердің сынған жерлерін қалпына келтіруге кірісті. Орталық қалалық клиникалық аурухананың травматолог дәрігері Дәулет Чукмановтың айтуынша, барлығы төрт операция жасалған. Соның ішінде үшеуі - сүйектерді қалпына келтіру отасы.Операциядан кейін науқас 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Ал 58 күннен кейін үйіне жіберілді.
https://sputnik.kz/20260205/qazaqstanda-bir-zhylda-transplantatsiya-boyynsha-70-ke-zhuyq-operatsiya-zhasaldy-60939499.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58015753_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_dc71da4cffee1284847ba051a6d55e00.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дәрігер, операция
алматы, дәрігер, операция
Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
20:39 15.06.2026 (жаңартылды: 20:42 15.06.2026) Басында комада болған оның аяқ-қолы ғана емес, омыртқасы мен жамбасы да сынған
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Алматылық дәрігерлер 9-шы қабаттан құлаған қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
17 жастағы қыз көптеген дене жарақатымен ауруханаға түскен. Басында комада болған оның аяқ-қолы ғана емес, омыртқасы мен жамбасы да сынған. Ал көкет жыртылғаннан кейін асқазан, көкбауыр мен ішектің бір бөлігі кеуде жаққа қозғалып кеткен. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, барлық органды құрсақ қуысына қайтарды. Одан кейін көкетті тігіп тастады. Ал көкбауырды кесіп тастауға тура келді.
Пациенттің жағдайы жақсарғаннан кейін дәрігерлер ем-домның келесі кезеңіне - сүйектердің сынған жерлерін қалпына келтіруге кірісті. Орталық қалалық клиникалық аурухананың травматолог дәрігері Дәулет Чукмановтың айтуынша, барлығы төрт операция жасалған. Соның ішінде үшеуі - сүйектерді қалпына келтіру отасы.
"Емдеу шаралары кезең-кезеңмен атқарылды. Алдымен білек, жіліншік, иық пен асық сүйектеріне ота жасалды. Одан кейін жамбастың сынған жерін қалпына келтірдік", - дейді Чукманов.
Операциядан кейін науқас 12 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Ал 58 күннен кейін үйіне жіберілді.