https://sputnik.kz/20260615/shankhay-yntymaqtastyq-uyymyna---25-zhyl--64118712.html
Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толды
Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толды
Sputnik Қазақстан
Ширек ғасырда ШЫҰ шекара одағынан әлемдік ықпалдың қуатты орталығына айналды 15.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-15T11:13+0500
2026-06-15T11:13+0500
2026-06-15T11:36+0500
шыұ
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/12/58860310_123:0:1129:566_1920x0_80_0_0_2e782f2b7f4bb5a78aa04e5117bbfc44.jpg
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы 15 маусымда құрылды.Ұйымға 10 мемлекет мүшелік етеді, олардың аумағы шамамен 36 миллион шаршы метр. Бұл —бүкіл Еуразияның үштен екісі. Мұнда планета халқының жартысы тұрады, ал одақ елдері әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірін өндіреді. Бұл бірлестік 1996 жылы құрылған "Шанхай бестігінен" бастау алады. Бастапқыда оның құрамында бес мемлекет (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) болған. 2001 жылы Өзбекстан қосылып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) ресми түрде құрылды. Кейін Үндістан, Пәкістан, Иран және Беларусь қосылды.ШЫҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі - өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау және нығайту. Жаңа демократиялық, әділ және ұтымды саяси және экономикалық халықаралық тәртіпті құруға жәрдемдесу жолында көпсалалы ынтымақтастықты дамыту.ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер жоғары орган басшыларының кеңесі - ұйымның ең басты шешімдерін қабылдайды. Ол ұйымның басымдықтарын айқындап, қызметінің негізгі бағыттарын әзірлейді. Оның ішкі құрылымы басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылының қағидаттық мәселелерін шешеді. Сондай-ақ неғұрлым өзекті халықаралық проблемаларды қарайды. Кеңес жылына бір рет кезекті отырыстарға жиналады.Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында кезекті отырысты ұйымдастырушы мемлекет басшысы төрағалық етеді. Кеңестің кезекті отырысын өткізу орны, әдетте, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер атауларының орыс әліпбиі тәртібімен айқындалады.25 жыл ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шекара Одағынан әлемдік ықпалдың қуатты орталығына айналды. Елдер шекараны қорғап қана қоймай, терроризммен бірге күресіп, энергетиканы дамытып, жаңа көлік жолдарын дамытып жатыр.
https://sputnik.kz/20260428/bishkekte-shyu-elderi-qorganys-ministrlikterinin-yntymaqtastyq-zhospary-bekitildi-63032079.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/12/58860310_249:0:1004:566_1920x0_80_0_0_cce6a7cd142d8dddbd9f580771c6e9df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ
Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 25 жыл толды
11:13 15.06.2026 (жаңартылды: 11:36 15.06.2026) Ширек ғасырда ШЫҰ шекара одағынан әлемдік ықпалдың қуатты орталығына айналды
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы 15 маусымда құрылды.
Ұйымға 10 мемлекет мүшелік етеді, олардың аумағы шамамен 36 миллион шаршы метр. Бұл —бүкіл Еуразияның үштен екісі. Мұнда планета халқының жартысы тұрады, ал одақ елдері әлемдік жалпы ішкі өнімнің төрттен бірін өндіреді.
Бұл бірлестік 1996 жылы құрылған "Шанхай бестігінен" бастау алады. Бастапқыда оның құрамында бес мемлекет (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) болған. 2001 жылы Өзбекстан қосылып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) ресми түрде құрылды. Кейін Үндістан, Пәкістан, Иран және Беларусь қосылды.
ШЫҰ-ның негізгі міндеттерінің бірі - өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау және нығайту. Жаңа демократиялық, әділ және ұтымды саяси және экономикалық халықаралық тәртіпті құруға жәрдемдесу жолында көпсалалы ынтымақтастықты дамыту.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер жоғары орган басшыларының кеңесі - ұйымның ең басты шешімдерін қабылдайды. Ол ұйымның басымдықтарын айқындап, қызметінің негізгі бағыттарын әзірлейді. Оның ішкі құрылымы басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылының қағидаттық мәселелерін шешеді. Сондай-ақ неғұрлым өзекті халықаралық проблемаларды қарайды. Кеңес жылына бір рет кезекті отырыстарға жиналады.
Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында кезекті отырысты ұйымдастырушы мемлекет басшысы төрағалық етеді. Кеңестің кезекті отырысын өткізу орны, әдетте, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер атауларының орыс әліпбиі тәртібімен айқындалады.
25 жыл ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шекара Одағынан әлемдік ықпалдың қуатты орталығына айналды. Елдер шекараны қорғап қана қоймай, терроризммен бірге күресіп, энергетиканы дамытып, жаңа көлік жолдарын дамытып жатыр.