https://sputnik.kz/20260615/gennadiy-golovkinnin-esimi-khalyqaralyq-bokstyn-danq-zalyna-endi-64115951.html
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың даңқ залына енді
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың даңқ залына енді
Sputnik Қазақстан
Оны элиталық клубқа қабылдау рәсімі АҚШ-та өтті 15.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-15T10:00+0500
2026-06-15T10:00+0500
2026-06-15T10:00+0500
геннадий головкин
боксшы
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0f/64111417_395:438:1554:1090_1920x0_80_0_0_b0d00f1623a523e21c4c801494923b3f.jpg
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Геннадий Головкин Халықаралық бокстың Даңқ Залына енген республиканың алғашқы өкілі болды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.Оны элиталық клубқа қабылдау рәсімі АҚШ-та өтті. Головкиннің есімі қазір ресми түрде Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сияқты аңыздардың қатарында тұр, деп атап өтті ҰОК.Қазақстандық боксшымен бірге "Класс 2026" тізіміне америкалық Антонио Тарвер мен британдық Найджел Бенн кіреді.Головкин кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін XXI ғасырдағы орта салмақтағы үстемдік ететін чемпиондардың біріне айналды. Оның еншісінде 45 жекпе-жек пен 42 жеңіс бар. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған. Спорттық мансабында ол WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді. Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың әлемдік рейтингінде (Pound-for-Pound) көш бастады.Головкин орта салмақ тарихындағы бірқатар рекордтардың иесі. Оның тоғыз жыл бойы қатарынан жалғасқан 23 нокауттық жеңісі осы дивизион тарихындағы ең ұзақ серия болып саналады. Сонымен қатар оның қоржынында әлем чемпионы титулдарын сәтті қорғаудың 21 көрсеткіші бар. Ал 90 пайыздан асқан мерзімінен бұрын аяқталған жеңістер көрсеткіші әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары нәтижелердің бірі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.Бүгінде Геннадий Головкин ел мүддесін тек рингте ғана емес, халықаралық спорттық басқару деңгейінде де танытып келеді. Ол Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарады, сондай-ақ World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарады. Осылайша ол халықаралық спорт федерациясының президенті болып сайланған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.
https://sputnik.kz/20251125/prezident-golovkindi-i-darezheli-barys-ordenimen-marapattady-59104107.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0f/64111417_444:431:1450:1185_1920x0_80_0_0_4f0270170018384c0c76652c6942d1c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
геннадий головкин, боксшы
геннадий головкин, боксшы
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокстың даңқ залына енді
Оны элиталық клубқа қабылдау рәсімі АҚШ-та өтті
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Геннадий Головкин Халықаралық бокстың Даңқ Залына енген республиканың алғашқы өкілі болды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Оны элиталық клубқа қабылдау рәсімі АҚШ-та өтті. Головкиннің есімі қазір ресми түрде Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сияқты аңыздардың қатарында тұр, деп атап өтті ҰОК.
"Геннадий Головкиннің бұл мәртебеге ие болуы оның бірегей спорттық көрсеткіштеріне негізделген. Әуесқой бокста ол 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жеткен. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшысы болып, ел намысын әлемдік деңгейдегі ең ірі жарыстарда абыроймен қорғады.", - деп хабарлады Комитет.
Қазақстандық боксшымен бірге "Класс 2026" тізіміне америкалық Антонио Тарвер мен британдық Найджел Бенн кіреді.
Головкин кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін XXI ғасырдағы орта салмақтағы үстемдік ететін чемпиондардың біріне айналды. Оның еншісінде 45 жекпе-жек пен 42 жеңіс бар. Оның 37-сі нокаутпен аяқталған. Спорттық мансабында ол WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанып, The Ring журналының беделді белбеуін иеленді. Сондай-ақ ұзақ уақыт бойы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың әлемдік рейтингінде (Pound-for-Pound) көш бастады.
Головкин орта салмақ тарихындағы бірқатар рекордтардың иесі. Оның тоғыз жыл бойы қатарынан жалғасқан 23 нокауттық жеңісі осы дивизион тарихындағы ең ұзақ серия болып саналады.
Сонымен қатар оның қоржынында әлем чемпионы титулдарын сәтті қорғаудың 21 көрсеткіші бар. Ал 90 пайыздан асқан мерзімінен бұрын аяқталған жеңістер көрсеткіші әлем чемпиондары арасындағы ең жоғары нәтижелердің бірі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.
Бүгінде Геннадий Головкин ел мүддесін тек рингте ғана емес, халықаралық спорттық басқару деңгейінде де танытып келеді. Ол Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарады, сондай-ақ World Boxing ұйымының президенті қызметін атқарады. Осылайша ол халықаралық спорт федерациясының президенті болып сайланған Қазақстанның алғашқы өкілі атанды.