Астанаға маусымда шетелден тағы қандай делегациялар келеді

© Photo : Astana International Forum 2023Астана
Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Жазылу
Германиядан екі үлкен делегация күтіліп отыр
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің маусым айында шетелден келетін қонақтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтің айтуынша, Германиядан екі үлкен делегация келеді:
Германияның федералды экономика және энергетика министрлігінің парламенттік мемлекеттік хатшысы Штефан Рюнхоф (15-16 маусым);
Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе (29-30 маусым).
"Сапарлар аясында ел басшылығымен, сондай-ақ, бейінді мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізу жоспарланған. Тараптар энергетика және шикізат саласындағы өзара іс-қимылды, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуді, сондай-ақ, стратегиялық маңызытбар шикізат материалдары саласындағы жобаларды қоса алғанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр", - деді Жетібаев бүгінгі брифингте.
Астанаға келетін басқа да делегациялар:
Испанияның мемлекеттік хатшысы Диего Мартинес Белио (16 маусым);
Польша сенатының спикері Малгожата Кидава-Блонскаяның алғашқы жұмыс сапары (18-20 маусым).
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Кипр президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Жаңалықтар
0