АҚШ-та ер адамның мәйіті табылды: ол жоғалған қазақстандық болуы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневСыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Жазылу
24 жастағы Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. АҚШ-та ер адамның мәйіті табылды, ол бұған дейін жоғалған Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз осы брифингтің алдында АҚШ-тың құзіретті органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі кезде америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізуде. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзіретті органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыс болып, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр",-деді Жетібаев бүгінгі брифингте.

24 жастағы Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бастап телефоны сөндіп тұр. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде Чикагода ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.
Министерство иностранных дел Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
АҚШ-та қазақстандық жігіт жоғалып кетті
Жаңалықтар
0