АҚШ пен Иран келісімге келді

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуАҚШ пен Иран келісімге келді
АҚШ пен Иран келісімге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2026
Жазылу
Келісімге 19 маусымда қол қойылады
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы соңғы меморандум мәтінінде бірнеше ымыраға келді, деп хабарлайды РИА Новости Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Вашингтон:
Иранның бұғатталған активтерінен 24 миллиард АҚШ долларын босатуға;
бұл ақшаның жартысын мәміле жасалғанға дейін қайтаруға;
Тегераннан мұнай санкцияларын алып тастауға және жаңасын енгізбеуге;
одақтастарымен бірге Иран экономикасын қалпына келтіруге бағытталған сомасы кемінде 300 миллиард доллар болатын жоспар ұсынуға міндеттеледі.
Иран:
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт бойынша өзінің міндеттемесін орындауға;
ядролық қару жасамауға міндеттеледі.
Бұл ретте Иранның зымыран бағдарламасы АҚШ-пен келіссөздердің күн тәртібінен шығарылды. Қорытынды келісім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарымен бекітіледі. Келісімге 19 маусымда қол қойылады.
Екі ел билігінің мәліметі бойынша, АҚШ теңіз блокадасын бүгін тоқтатады. Ал Ормуз бұғазы келісімге ресми қол қойылғаннан кейін ашылады.
Осыдан кейін Италия, Франция, Германия және Ұлыбритания Иранға қарсы санкцияларды алып тастауға дайын екенін мәлімдеді.
"Біз АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның жариялануын құптаймыз... Біз Иранның ядролық бағдарламаға қатысты нақты, сенімді қадамдарына жауап ретінде тиісті санкцияларды алып тастауға дайынбыз", - делінген Еуропаның төрт елінің ортақ мәлімдемесінде.
Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2026
Трамп Иранға қарсы әскери іс-қимылдар аяқталғанын жариялады
Жаңалықтар
0