Қытайда триатлоннан Азия чемпионатында қазақстандықтар екі "алтын" алды

© Photo : olympic.kzҚазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Жазылу
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Триатлоннан Қазақстан құрамасы Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында екі алтын медаль алды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Жарыста Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова жеңіс тұғырына көтерілді.

Айнегов U17 жас санатында қарсыластарын басып озды. Ол супер спринтті 00:25:49 нәтижесімен аяқтады.

15 жасқа дейінгі жарыста Бузуртанова қашықтықты 00:30:56-да бағындырды.

14 маусымда эстафетада мықтылар анықталады.
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2026
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленді
Жаңалықтар
0