Алматы облысында өзендер алабындағы сел жағдайы тұрақты - ТЖМ

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаВ горах Иле Алатау начаты работы по снижению уровня воды в моренных озерах
В горах Иле Алатау начаты работы по снижению уровня воды в моренных озерах - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Жазылу
Тексеру нәтижесі бойынша мұздақ көлдердің басым бөлігі маусымдық толу кезеңінде екені анықталды
АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Алматы қаласы мен Алматы облысының тауларында сел жағдайына аэровизуалды тексеру жүргізілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

"Қазселденқорғау" мамандары Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД өкілдерімен бірлесіп, "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ тікұшағымен таулы аумаққа аэровизуалды тексеру жүргізді.

Тексеру Іле Алатауы жотасының солтүстік бөлігін - Қаскелең өзені алабынан бастап Түрген өзені алабына дейінгі аумақты қамтыды. Мониторингтің негізгі мақсаты - мұздақ көлдер мен мұздық кешендердің, сел арналарының жай-күйін және өңірдегі жалпы сел жағдайын бағалау болды.

"Тексеру нәтижелері бойынша мұздақ көлдердің басым бөлігі маусымдық толу кезеңінде екені анықталды. Сонымен қатар, биік таулы аймақтағы көлдер қысқы режимнен әлі толық шықпаған. Кейбір көлдер орналасу биіктігі мен беткей экспозициясына байланысты әлі де толықтай мұз бен қар жамылғысының астында жатыр. Беткі ағындар жекелеген учаскелерде ғана байқалады. Өзендерде су лайлылығының арту белгілері тіркелген жоқ. Таулы аймақтардағы қар жамылғысының қалыңдығы 20-дан 50 сантиметрге дейін жетеді. Қар сызығы теңіз деңгейінен 3300-3500 метр биіктікте орналасқан", - делінен хабарламада.

Тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен Алматы облысы өзендері алаптарындағы сел жағдайы тұрақты деп бағаланады, дейді мамандар.
Шығыс Қазақстанда сел жүру қаупі жоғары кезең басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2025
Шығыс Қазақстанда 11 елді мекенді сел басу қаупі төніп тұр
Жаңалықтар
0