Жүз жыл бұрын салынған екі вокзал жаңартылды

© Photo : Көлік министрлігіЖүз жыл бұрын салынған екі вокзал жаңартылды
Жүз жыл бұрын салынған екі вокзал жаңартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жазылу
Ауыл вокзалы 1929 жылы салынса, Белағаш вокзалының тарихы 1914 жылдан бастау алады
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Абай облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында алғашқы екі жаңартылған нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
© Photo : Көлік министрлігіЖүз жыл бұрын салынған екі вокзал жаңартылды
Жүз жыл бұрын салынған екі вокзал жаңартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жүз жыл бұрын салынған екі вокзал жаңартылды
"Ауыл" станциясының теміржол вокзалы 1929 жылы салынса, Белағаш вокзалының тарихы 1914 жылдан бастау алады. Осы жолы екі нысанда ауқымды жаңарту жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, шатырды ауыстыру, ішкі және сыртқы әрлеу, сумен жабдықтау, кәріз, желдету, ауаны баптау, жылу және электрмен жабдықтау инженерлік желілері жаңартылды. Сондай-ақ жолаушылар платформаларын реконструкциялау және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары атқарылды.
© Photo : Көлік министрлігіЖүз жыл бұрын салынған екі вокзал жаңартылды
Жүз жыл бұрын салынған екі вокзал жаңартылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жүз жыл бұрын салынған екі вокзал жаңартылды
Жаңа жиһаз бен барлық қажетті техника да қойылды.
Тәуелсіздік жылдарындағы теміржол вокзалын жаңғыртудың ең ірі бағдарламасы былтыр басталған болатын. Соның аясында 124 вокзал жаңартылады. Биыл 1 шілдеге дейін тағы 28 нысанда реконструкциялау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
Теміржол вокзалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2025
Шымкентте 1,1 млрд теңгеге жөндеу жүргізілген вокзал шатырынан жаңбыр суы ақты
Жаңалықтар
0