Қазақстанда Volvo көліктері шығарылады

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жазылу
Astana Motors және Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанда Volvo маркалы жүк көліктерін шығаратын кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтына жасап.
Қазақ-швед сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссиясының отырысында Astana Motors және Volvo Group арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы құжатта Volvo жүк автомобильдерін өндіруге дайындық шаралары қарастырылған.
"Жобаның бастапқы кезеңінде алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған Volvo FH13 магистралды тартқыштарын шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар өнеркәсіп пен құрылыста кеңінен қолданылатын Volvo FMX13 автокөліктерін өндіру мүмкіндігі қарастырылып жатыр", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Швед автомобиль компаниясы бүгінде кеңейтілген модельді жүк көліктерін шығаратын әлемдегі көшбасшы өндірушілердің бірі болып саналады. Өткен жылы Volvo Trucks Қазақстанда алғашқы сервистік стансасын және Орталық Азия мен Кавказ өңірі үшін жаңа кеңсесін ашқан болатын.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Мәжілісте Қазақстанға кіретін Қытай көліктерінен қосымша ақы алу ұсынылды
Жаңалықтар
0