https://sputnik.kz/20260613/perizat-qayrattan-tarkilengen-avtokolikter-memlekettik-organdarga-berildi-64096106.html
Перизат Қайраттан тәркіленген автокөліктер мемлекеттік органдарға берілді
Перизат Қайраттан тәркіленген автокөліктер мемлекеттік органдарға берілді
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін 80 миллион теңгеге бағаланған "Мерседес" көлігі саудаға шығарылған болатын. Алайда аукционда сатып алушы табылмаған 13.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-13T14:26+0500
2026-06-13T14:26+0500
2026-06-13T14:26+0500
перизат қайрат
автокөлік
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0d/49264745_45:34:771:442_1920x0_80_0_0_1801fb765843cf5418cb1343fb3a335d.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Перизат Қайраттан тәркіленген люкс-автокөліктердің мемлекеттік органдарға қалай тегін берілгені белгілі болды. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков бұл тәжірибені "бюджет шығынын азайтудың бір тетігі" деп түсіндірді. Бұл туралы КТК хабарлады.Бұған дейін "Біз біргеміз, Қазақстан 2030" қайырымдылық қорының атышулы басшысына тиесілі шамамен 80 миллион теңгеге бағаланған "Мерседес" көлігі саудаға шығарылған. Алайда аукционда сатып алушы табылмағандықтан, ол кейін мемлекеттік органдардың игілігіне беріліпті.Айта кетері, 2024 жылғы тасқын кезінде қайырымдылық қызметімен танылған блогер Перизат Қайрат ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша 10 жылға сотталған болатын.
https://sputnik.kz/20250904/perizat-qayrattan-tarkilengen-mulik-pen-aqshany-ne-isteydi---agenttik-zhauaby-56808099.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/0d/49264745_105:0:705:450_1920x0_80_0_0_9a87cf3700fe3ea008fd15ee1a2b3565.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
перизат қайрат, автокөлік
перизат қайрат, автокөлік
Перизат Қайраттан тәркіленген автокөліктер мемлекеттік органдарға берілді
Бұған дейін 80 миллион теңгеге бағаланған "Мерседес" көлігі саудаға шығарылған болатын. Алайда аукционда сатып алушы табылмаған
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Перизат Қайраттан тәркіленген люкс-автокөліктердің мемлекеттік органдарға қалай тегін берілгені белгілі болды. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков бұл тәжірибені "бюджет шығынын азайтудың бір тетігі" деп түсіндірді. Бұл туралы
КТК хабарлады.
"Бұл шара бюджет қаражатын үнемдеу үшін қарастырылған. Жаңа көлік сатып алғаннан гөрі, тәркіленген мүлікті алған тиімді. Норматив-құқықтық актілерде мұндай құқық мемлекеттік және құқық қорғау органдарына берілген. Сондықтан неге мұндай мүмкіндікті пайдаланбасқа?", - дейді Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков.
Бұған дейін "Біз біргеміз, Қазақстан 2030" қайырымдылық қорының атышулы басшысына тиесілі шамамен 80 миллион теңгеге бағаланған "Мерседес" көлігі саудаға шығарылған. Алайда аукционда сатып алушы табылмағандықтан, ол кейін мемлекеттік органдардың игілігіне беріліпті.
Айта кетері, 2024 жылғы тасқын кезінде қайырымдылық қызметімен танылған блогер Перизат Қайрат ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша 10 жылға сотталған болатын.