https://sputnik.kz/20260613/irandyq-kholding-qazaqstanda-iri-irimshik-zauytyn-saluga-352-mlrd-tenge-investitsiya-quyady-64092377.html
Ирандық холдинг Қазақстанда ірі ірімшік зауытын салуға 35,2 млрд теңге инвестиция құяды
Ирандық холдинг Қазақстанда ірі ірімшік зауытын салуға 35,2 млрд теңге инвестиция құяды
Sputnik Қазақстан
Инвестор 400 тұрақты жұмыс орнын ашады, қазақстандық мамандарды оқытып, олардың біліктілігін арттырады 13.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-13T09:43+0500
2026-06-13T09:43+0500
2026-06-13T09:43+0500
иран
ірімшік
зауыт
https://sputnik.kz/img/1207/98/12079840_0:54:1024:630_1920x0_80_0_0_5c1bd5d191e336f84d1730185348f29f.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен ирандық Solico Group азық-түлік холдингі компаниясының президенті Голам Әли Сүлеймани сүтті терең өңдеу саласындағы ірі жобаны іске асыруға бағытталған инвестициялық келісімге қол қойды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.Жылына 155 мың тонна өнімге жоспарланған ірі жоба Алматы облысында салынады деп жоспарланып отыр. Жалпы инвестиция көлемі – 35,2 млрд теңге. Қазіргі уақытта белгіленген аумақта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.Инвестициялық келісім аясында өндірістік алаңға қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізумен қатар, кең көлемде мемлекеттік жеңілдіктер қарастырылған.Зауыттың құрылысы 2029 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Қол қойылған келісімге сәйкес, инвестор 400 тұрақты жұмыс орнын ашады, қазақстандық мамандарды оқытып, олардың біліктілігін арттырады. Сондай-ақ өндірісте заманауи технологиялар мен жаңа тәжірибелер енгізіледі.Бұдан бөлек, компания 2028–2038 жылдар аралығында Алматы облысындағы жергілікті қауымдастықтарды қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 50 млн теңге бөлуді көздеп отыр.
https://sputnik.kz/20260521/qazaqstanda-irimshik-pen-suzbe-ondirisi-artty-63611591.html
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1207/98/12079840_57:0:968:683_1920x0_80_0_0_5c8cdadf554876b3ae69e140280d2f6d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иран, ірімшік, зауыт
Ирандық холдинг Қазақстанда ірі ірімшік зауытын салуға 35,2 млрд теңге инвестиция құяды
Инвестор 400 тұрақты жұмыс орнын ашады, қазақстандық мамандарды оқытып, олардың біліктілігін арттырады
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен ирандық Solico Group азық-түлік холдингі компаниясының президенті Голам Әли Сүлеймани сүтті терең өңдеу саласындағы ірі жобаны іске асыруға бағытталған инвестициялық келісімге қол қойды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Жылына 155 мың тонна өнімге жоспарланған ірі жоба Алматы облысында салынады деп жоспарланып отыр. Жалпы инвестиция көлемі – 35,2 млрд теңге. Қазіргі уақытта белгіленген аумақта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Голам Әли Сүлеймани Қазақстанның өңірлік азық-түлік өндірісі орталығы ретіндегі әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, компанияның елдегі инвестициялық қатысуын одан әрі кеңейтуге қызығушылық танытатынын білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Инвестициялық келісім аясында өндірістік алаңға қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізумен қатар, кең көлемде мемлекеттік жеңілдіктер қарастырылған.
Зауыттың құрылысы 2029 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Қол қойылған келісімге сәйкес, инвестор 400 тұрақты жұмыс орнын ашады, қазақстандық мамандарды оқытып, олардың біліктілігін арттырады. Сондай-ақ өндірісте заманауи технологиялар мен жаңа тәжірибелер енгізіледі.
Бұдан бөлек, компания 2028–2038 жылдар аралығында Алматы облысындағы жергілікті қауымдастықтарды қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 50 млн теңге бөлуді көздеп отыр.