Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Финляндия президенті Ресеймен келіссөз қайта басталуы мүмкін екенін мәлімдеді

© РИА Новости / Медиабанкке өтуГорода мира. Хельсинки
Города мира. Хельсинки - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жазылу
Стубб Мәскеу мен Хельсинки арасындағы диалогты екіжақты форматта қайта бастау қажет болатынын атап өтті
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Финляндия президенті Александр Стубб Украинадағы қақтығысты реттеу мақсатында Ресеймен келіссөз жақын арада қайта жандануы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады Yle.
"Мен Еуропаның келіссөзге қайта оралып, диалогты қалпына келтіргенін қалар едім", – деді ол Култаранта президенттік резиденциясында өткен форумда.
Стуббтың айтуынша, Еуропа елдері мен Ресей арасында дипломатиялық та, бейресми де байланыстар жалғасып келеді. Сондай-ақ ол белгілі бір кезеңде диалогты тек еуропалық деңгейде емес, сонымен бірге Мәскеу мен Хельсинки арасындағы екіжақты форматта да қайта бастау қажет болатынын атап өтті.
Финляндия президенті сәрсенбі күні Еуропа Ресей басшылығымен дипломатиялық диалог орнататын уақыт келгенін де айтты. Оның пікірінше, бұл мәселеде еуропалық елдер өз іс-қимылын үйлестіруі керек.
Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Кремль Еуропаның келіссөзді бастауға шынайы ниетті екеніне көз жеткізбейінше, мұндай бастамаларға аса мән бермеу қажет екенін мәлімдеді.
Логотип МВФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
ХВҚ Украинаға бөлінетін 690 млн долларды кешіктіріп жатыр
Жаңалықтар
0