"Ақ жол" партиясының төрағасы болып Дания Еспаева сайланды

© Sputnik / Абзал КалиевДания Еспаева
Дания Еспаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Жазылу
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "Ақ жол" партиясының төрағасы болып Дания Еспаева сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Азат Перуашев партия съезінде өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген болатын. Ол партияны 2011 жылдан бері басқарып келді. Дания Еспаеваның кандидатурасын Перуашевтың өзі ұсынды.

Еспаева туралы не білеміз?

1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында дүниеге келген.
Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша білім алған. Ал еңбек жолын 1982 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық басқармасында бастаған.
Банк саласындағы жалпы еңбек өтілі 34 жылды құрайды, соның ішінде 17 жыл басшылық қызметте болған.
2016 жылдың 24 наурызынан бері "Ақжол" демократиялық партиясы атынан мәжіліс депутаты. Бұған дейін екі рет Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты (2008 ж., 2012 ж.) болған.
Бұдан бөлек, Дания Мәдиқызы – Қазақстан президенттігіне үміткер бірінші әйел. 2019 жылы президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынған.
"Құрмет" орденімен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 және 25 жылдығына арналған медальдармен марапатталған.
Мажилис - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2026
Азат Перуашев өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді
Жаңалықтар
0