https://sputnik.kz/20260613/almaty---qorgas-tas-zholynda-zaqym-kelgen-kolik-ielerine-otemaqy-tolendi---qazavtozhol-64100021.html
"Алматы - Қорғас" тас жолында зақым келген көлік иелеріне өтемақы төленді - ҚазАвтоЖол
"Алматы - Қорғас" тас жолында зақым келген көлік иелеріне өтемақы төленді - ҚазАвтоЖол
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы "Алматы-Қорғас" тас жолында зақым келген көліктердің иелеріне өтемақы төленгенін хабарлады. 13.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-13T18:01+0500
2026-06-13T18:01+0500
2026-06-13T18:01+0500
қазавтожол
өтемақы
https://sputnik.kz/img/07e5/05/11/17072439_0:1:3639:2048_1920x0_80_0_0_7e6beb7acfde10e68471ddd9b870ed1b.jpg
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы "Алматы-Қорғас" тас жолында зақым келген көліктердің иелеріне өтемақы төленгенін хабарлады.Әлеуметтік желіде жолда шығып тұрған бетон бөлшегінен зақым келген көліктердің видеосы тараған болатын. Біреуінің доңғалағы жарылса, басқасының бензин багы тесіліп қалған."ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауа температурасының жоғарылауына байланысты кейбір жерлерде цементбетон плиталары қозғалып кеткен. Ал әлеуметтік желілерде тараған ақауға жүк көлігі себеп болған."Алдын ала мәліметтер бойынша аталған жағдай ауыр жүк көлігінің өтуінен кейін орын алған. Көлік жүктемесінің әсерінен бетон жабынының бір бөлігі бұзылып, кейіннен осы учаскемен өткен жеңіл автокөліктердің дөңгелектеріне зақым келген", - дейді компания мамандары.Осы оқиғадан кейін жол қызметтері мердігер ұйыммен бірге ақауды жөндеді."Зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген материалдық шығын мердігер ұйым тарапынан толық көлемде өтелді. Сонымен қатар аталған факті бойынша мердігер ұйымға қатысты полиция органдары әкімшілік ықпал ету шараларын қолданып, тиісті айыппұл салды”, - делінген ресми хабарламада.
https://sputnik.kz/20250806/aqyly-zhol-ushin-61-myn-tenge--qazavtozhol-zhelide-taragan-videony-tusindirdi-56206163.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/11/17072439_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_704b7789e5afec8de5664ac26733e94f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазавтожол, өтемақы
"Алматы - Қорғас" тас жолында зақым келген көлік иелеріне өтемақы төленді - ҚазАвтоЖол
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы "Алматы-Қорғас" тас жолында зақым келген көліктердің иелеріне өтемақы төленгенін хабарлады.
Әлеуметтік желіде жолда шығып тұрған бетон бөлшегінен зақым келген көліктердің видеосы тараған болатын. Біреуінің доңғалағы жарылса, басқасының бензин багы тесіліп қалған.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауа температурасының жоғарылауына байланысты кейбір жерлерде цементбетон плиталары қозғалып кеткен. Ал әлеуметтік желілерде тараған ақауға жүк көлігі себеп болған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша аталған жағдай ауыр жүк көлігінің өтуінен кейін орын алған. Көлік жүктемесінің әсерінен бетон жабынының бір бөлігі бұзылып, кейіннен осы учаскемен өткен жеңіл автокөліктердің дөңгелектеріне зақым келген", - дейді компания мамандары.
Осы оқиғадан кейін жол қызметтері мердігер ұйыммен бірге ақауды жөндеді.
"Зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген материалдық шығын мердігер ұйым тарапынан толық көлемде өтелді. Сонымен қатар аталған факті бойынша мердігер ұйымға қатысты полиция органдары әкімшілік ықпал ету шараларын қолданып, тиісті айыппұл салды”, - делінген ресми хабарламада.