Жамбыл облысында 400 шақырым суару каналын реконструкциялау басталды

Су арнасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2026
Жазылу
Бұл жұмыстарды министрлік Ислам даму банкімен бірлесіп атқарып жатыр
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл облысындағы 400 шақырым суару каналын реконструкциялауды бастады.
Айта кетері, бұл жұмыстарды министрлік Ислам даму банкімен бірлесіп атқарып жатыр. Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов осы жұмыстардың барысымен танысты.
Мысалы, Жамбыл ауданында министр ұзындығы 9,2 шақырым болатын "Исмаил" каналындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын көрді. Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүргізіліп жатқан жұмыстар биыл қаңтар айында басталған. Қазіргі таңда каналдың 3,2 шақырым бөлігі реконструкцияланды.
Жоба аясында каналды бетондау, су шығару құрылғыларын, бөгет құрылыстарын және нөсер су ағызу жүйелерін орнату, сондай-ақ гидробекет салу көзделген.

"Облыста каналдарды бетондау мен реконструкциялау бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылуда. Шетелдік инвестициялар тартылып жатыр. Сонымен қатар шаруалар су үнемдеу технологияларын белсендірек енгізуі қажет", - деді Нұржан Нұржігітов.

Министр бұл жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттырып, суару кезінде судың ысырабын едәуір азайтуға мүмкіндік беретінін айтты. Мемлекет тарапынан бұл үшін субсидиялар түрінде барлық қажетті жағдай жасалған.
Сонымен қатар министр МР-3 және МР-4 каналдарын аралады. Қазіргі уақытта жоспарланған 24 шақырымның 13 шақырымында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған. Жобаны жыл соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр. Нәтижесінде 2,4 мың гектар суармалы жерге судың тұрақты жеткізілуі қамтамасыз етіледі.
Туристическая скальная тропа на побережье Каспия в Актау  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Жыл басынан бері Каспий теңізіне 6 млрд текше метрден астам су жіберілді
Жаңалықтар
0