https://sputnik.kz/20260612/toqaev-resey-prezidentine-quttyqtau-zhedelkhatyn-zholdady-64089482.html
Тоқаев Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Тоқаев Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта қарқынды дами беретініне сенім білдірді 12.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-12T18:44+0500
2026-06-12T18:44+0500
2026-06-12T18:46+0500
қасым-жомарт тоқаев
владимир путин
құттықтау
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1c/63766130_0:57:1280:777_1920x0_80_0_0_5ffb9abf92f2337a06a3a682efe1b821.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады."Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.
https://sputnik.kz/20260528/toqaev-pen-putin-dostyq-alleyasynda-agash-otyrgyzdy-63776897.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1c/63766130_47:0:1215:876_1920x0_80_0_0_8aadc9c0fcb24d597f1dab596ee2a0ad.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, құттықтау
қасым-жомарт тоқаев, владимир путин, құттықтау
Тоқаев Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
18:44 12.06.2026 (жаңартылды: 18:46 12.06.2026) Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта қарқынды дами беретініне сенім білдірді
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді аталған елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады.
"Қазақстан бауырлас Ресеймен стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан достық әрі тату көршілік қарым-қатынасты жоғары бағалайды. Сіздің жуырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз айрықша мәнге ие. Оның нәтижесі өзара тиімді ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, ауқымды жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға тың серпін берді. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекетаралық байланыстар алдағы уақытта барлық салада қарқынды дами береді деп сенемін, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.