https://sputnik.kz/20260612/tau-ken-salasynda-zhoyylatyn-zhane-payda-bolatyn-mamandyqtardyn-tizimi-zhariyalandy-64088752.html
Тау-кен саласында жойылатын және пайда болатын мамандықтардың тізімі жарияланды
Тау-кен саласында жойылатын және пайда болатын мамандықтардың тізімі жарияланды
Sputnik Қазақстан
Жойылатын мамандықтар қатарында абоненттік топ бақылаушысы, бақылаушы технолог, бункерші, бульдозер және конвейер машинисі бар 12.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-12T17:36+0500
2026-06-12T17:36+0500
2026-06-12T17:36+0500
жаңа мамандық
мамандықтар
https://sputnik.kz/img/204/24/2042446_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_dde5c7eca930b3834890b3a9fc3b43cb.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі тау-кен саласында жойылатын және пайда болатын мамандықтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, бүгінде білім беру бағдарламаларын жаңарту кезінде жаңа мамандықтар атласы ескеріледі. Оған сәйкес, тау-кен саласында предиктивті диагностика инженері, қашықтан жұмыс істейтін оператор-технолог, өндірістік үдерістерді үйлестіру менеджері, композициялық материалдар конструкторы сияқты жаңа мамандықтар шығады.Оның айтуынша, бүгінде білім беру гранттарының 60 проценті инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінеді. Сонымен қатар жоғары оқу орындары жұмыс берушілердің сұранысына қарай білім беру бағдарламаларын өздері әзірлей алады.
https://sputnik.kz/20260612/kenshiler-martebesi-turaly-zan-kerek--komirshiler-odagy-64086110.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/204/24/2042446_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_bd94ffd86275029fe0c852023b627df2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңа мамандық, мамандықтар
жаңа мамандық, мамандықтар
Тау-кен саласында жойылатын және пайда болатын мамандықтардың тізімі жарияланды
Жойылатын мамандықтар қатарында абоненттік топ бақылаушысы, бақылаушы технолог, бункерші, бульдозер және конвейер машинисі бар
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі тау-кен саласында жойылатын және пайда болатын мамандықтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның айтуынша, бүгінде білім беру бағдарламаларын жаңарту кезінде жаңа мамандықтар атласы ескеріледі. Оған сәйкес, тау-кен саласында предиктивті диагностика инженері, қашықтан жұмыс істейтін оператор-технолог, өндірістік үдерістерді үйлестіру менеджері, композициялық материалдар конструкторы сияқты жаңа мамандықтар шығады.
"Ал абоненттік топ бақылаушысы, бақылаушы технолог, бункерші, бульдозер және конвейер машинисі жойылатын мамандықтар ретінде айқындалды", - деді Абылайхан Астанадағы көмір өнеркәсібі форумында.
Оның айтуынша, бүгінде білім беру гранттарының 60 проценті инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінеді. Сонымен қатар жоғары оқу орындары жұмыс берушілердің сұранысына қарай білім беру бағдарламаларын өздері әзірлей алады.