Шанхай ынтымақтастық ұйымының маңызы барған сайын артып барады – бас хатшы

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуИнтервью генерального секретаря ШОС Н. Ермекбаева агентству РИА Новости
Интервью генерального секретаря ШОС Н. Ермекбаева агентству РИА Новости - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2026
Жазылу
ШЫҰ қауымдастығына қосылуға 20-ға жуық өтініш түскен
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының ортақ дауысы халықаралық аренада барған сайын күштірек естіліп келеді, деді ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев.
ШЫҰ-ның ортақ ұстанымы Еуразиядағы 10 ірі мемлекеттің көзқарасын білдіреді. Ол бұл туралы "Шанхай ынтымақтастық ұйымы: 25 жылдағы эволюция және трансформация" конференциясында айтты.
"Сонымен бірге ШЫҰ жұмысында кемшіліктер бар екенін де көріп отырмыз. Сондықтан мемлекет басшылары алға қойған негізгі міндет – ұйым қызметін кешенді жаңғырту", – деді ол.
Ермекбаев перспективалар мен уақыт талаптарын ескере отырып, ШЫҰ жұмысына ғылыми-сараптамалық университеттік қауымдастықтарды тарту және пікір алмасу үшін жаңа алаңдар құру қажет екенін айтты.
Оның дерегінше, ШЫҰ кеңістігінде сауда көлемі өсіп келеді: ұйымға мүше елдер арасындағы тауар айналымы 7%-ға артып, 2024 жылы 700 млрд доллардан асқан.
ШЫҰ мақсаттарының бірі – тауарлардың, капиталдың және қызметтердің еркін қозғалысына жағдай жасау, деп толықтырды ол.
"Өткен жылғы саммитте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ШЫҰ Даму Банкін құру туралы саяси шешім қабылдады", - деді Ермекбаев.
Ұйымға мүше елдер бірлескен мәдени гуманитарлық жобаларды іске асырады, ғылыми-техникалық жетістіктер мен инновацияларды енгізеді.
Сонымен қатар ол ШЫҰ-ға қосылуға 20-ға жуық өтініш бар екенін айтты.
Ұйым 10 мүше мемлекетті біріктіреді. Екі мемлекет бақылаушы мәртебесін алды, тағы 15 мемлекет ШЫҰ-ның диалог бойынша серіктесі мәртебесіне ие болды.
Бүгінде ШЫҰ-да:
халық саны 3,4 млрд адамнан асады,
аумағы шамамен 36 миллион шаршы км, яғни әлемдік құрлықтың төрттен бір бөлігі,
жаһандық ЖІӨ-нің төрттен бірі және халықаралық сауданың 15%-дан астамы бар.
Грузовые вагоны на станции - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2026
Халықаралық тасымалдың 80%-дан астамы ШЫҰ елдеріне тиесілі – ҚТЖ
Жаңалықтар
0