https://sputnik.kz/20260612/qorshagan-ortany-lastau-boyynsha-177-mynnan-astam-akimshilik-quqyq-buzushylyq-tirkeldi-64064837.html
Қоршаған ортаны ластау бойынша 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Қоршаған ортаны ластау бойынша 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Sputnik Қазақстан
Жергілікті атқарушы органдарға анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 172 ұсыным енгізілді 12.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-12T08:06+0500
2026-06-12T08:06+0500
2026-06-12T08:06+0500
ішкі істер министрлігі
айыппұл
экология
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28808835_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_04b4272206046589ab1842339834aec3.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында елде 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Ведомство қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға төгудің алдын алуға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды арнайы полигондардан тыс жерлерге ағызу фактілерінің жолын кесуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.Тиісті шаралар қабылдау үшін экология департаменттері, жергілікті атқарушы және басқа уәкілетті мемлекеттік органдарға 58 материал жолданды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 172 ұсыным енгізілді. Оларды қарау нәтижесінде 153 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.Ішкі істер министрлігі азаматтарды экологиялық заңнама талаптарын сақтауға, елдімекендердің тазалығын қолдауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28808835_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_0d9fd5607e81032bc0c510a23f55f96f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, айыппұл, экология
ішкі істер министрлігі, айыппұл, экология
Қоршаған ортаны ластау бойынша 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді
Жергілікті атқарушы органдарға анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 172 ұсыным енгізілді
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында елде 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға төгудің алдын алуға, сондай-ақ сұйық қалдықтарды арнайы полигондардан тыс жерлерге ағызу фактілерінің жолын кесуге бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.
"Биыл бес айда 248 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді (қоғамдық орындарды ластау, абаттандыру қағидаларын бұзу)", - деп жазылған хабарламада.
Тиісті шаралар қабылдау үшін экология департаменттері, жергілікті атқарушы және басқа уәкілетті мемлекеттік органдарға 58 материал жолданды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы 172 ұсыным енгізілді. Оларды қарау нәтижесінде 153 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды экологиялық заңнама талаптарын сақтауға, елдімекендердің тазалығын қолдауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.