Өзбекстан мен Армения әуе компаниялары Қазақстанға жаңа бағыттарды іске қосады

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaСамолет Air Astana
Самолет Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2026
Жазылу
Рейстер аптасына 1 рет (сенбі күндері) "Airbus 320" үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Өзбекстанның "My Freighter" (Сentrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға жаңа бағыт ашады, деп хабарлады көлік министрлігі.
Осылайша биыл 13 маусымнан бастап өзбектің "My Freighter" (Сentrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға "Ташкент – Қостанай" жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 1 рет (сенбі күндері) "Airbus 320" үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
Сонымен қатар Арменияның "FlyOne Armenia" әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады. Осы жылдың 12 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның жаңа шетелдік әуе тасымалдаушысы – "FlyOne Armenia" әуе компаниясы қосылды.
"Әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Нәтижесінде Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 3 рейстен 5 рейске дейін артады", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан мен Армения арасындағы жаңа әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, дейді министрлікте.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Астанадан Шымкент пен Қызылордаға ұшатын рейстер қайта іске қосылады
Жаңалықтар
0