https://sputnik.kz/20260612/ote-meyirimdi-edi-almatyda-12-zhastagy-zhasospirimdi-pyshaqtap-oltirip-ketti-64068781.html
"Өте мейірімді еді": Алматыда 12 жастағы жасөспірімді қатарласы пышақтап өлтірді
"Өте мейірімді еді": Алматыда 12 жастағы жасөспірімді қатарласы пышақтап өлтірді
Sputnik Қазақстан
Бір пышақты ішіне, ал 8 рет кеуде тұсына салған 12.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-12T11:50+0500
2026-06-12T11:50+0500
2026-06-12T12:18+0500
алматы
жасөспірім
қылмыс
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_1c03c6ccf5d04f9479cb9ba1a7d10bb0.jpg
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Алматы қаласы Түрксіб ауданында 12 жастағы баланы қатарластары бірнеше жерден пышақтап өтірді. Жаға ұстатарлық жағдай туралы Sputnik Қазақстан айтады.Жантүршігерлік оқиға 10 маусымда болған. Туыстарының айтуынша, Абылайды өзінен бір жас үлкен балалар 8-9 жерден пышақтап өлтірген."Абылайды өзімен бірге бір мектепте оқитын 13 жастағы ұлдар 9 рет пышақтап, жауыздықпен өлтірді. Оқиға Түрксіб ауданы РВ-90 аумағында сағат 19:00 шамасында болды. Абылай - үйдің тұңғышы", - дейді марқұм болған баланың туысы.Оқиға туралы қара жамылған отбасының досы Екатерина Моисеенко айтып берді. Айтуынша, Абылай өте ақ көңіл, ешқашан жанжалға араласпайтын бала.Ал өлтірген бала шаруасын бітірген соң қаша жөнелген."Бір пышақты ішіне, ал 8 рет кеуде тұсына салды. Абылай "жатақханаға барамын да, қайтып келемін" деген. Бала болған соң, бәрі ойнап бірге жүреді. Олар Абылайды қалай шақырды, неге шақырды, ешкім білмейді. Өлтірген балалар бір мектепте оқиды, Абылайдан бір жас қана үлкен. Олар дәлізде келе жатқан, ана бала пышақты салғанда Абылай еңкейіп қалды, сол кезде бар күшімен бірнеше рет пышақтады", - дейді отбасының досы.Екінші бала күдікті емес, куәгер ретінде танылып отыр."Ал екінші бала Абылайды ұрған жоқ, пышақ сұққан жоқ деп жатыр. Бірақ көріп тұрған соң, неге көмекке шақырмады. Басында Абылайды көлік қағып кетті деп шақырған, шын мәнінде басқа жағдай болды. Абылай керегеге тақалған күйі сырғанап отырып қалған. Абылайды сөмке арқалаған ер адам көріп қалған, жедел жәрдемді сол кісі шақырған", - дейді Екатерина Моисеенко.Алматы қалалық полиция департаменті осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады. "Адам өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.Полицияның айтуынша, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасы да жауапкершілікке тартылады.
https://sputnik.kz/20260608/petropavlda-anasyn-pyshaqtap-oltirgen-ayelge-sot-ukimi-shyqty-64000210.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_192:0:913:541_1920x0_80_0_0_c67da94d66d1a49694709daaa894ad2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
алматы, жасөспірім, қылмыс
алматы, жасөспірім, қылмыс
"Өте мейірімді еді": Алматыда 12 жастағы жасөспірімді қатарласы пышақтап өлтірді
11:50 12.06.2026 (жаңартылды: 12:18 12.06.2026) Бір пышақты ішіне, ал 8 рет кеуде тұсына салған
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Алматы қаласы Түрксіб ауданында 12 жастағы баланы қатарластары бірнеше жерден пышақтап өтірді. Жаға ұстатарлық жағдай туралы
Sputnik Қазақстан айтады.
Жантүршігерлік оқиға 10 маусымда болған. Туыстарының айтуынша, Абылайды өзінен бір жас үлкен балалар 8-9 жерден пышақтап өлтірген.
"Абылайды өзімен бірге бір мектепте оқитын 13 жастағы ұлдар 9 рет пышақтап, жауыздықпен өлтірді. Оқиға Түрксіб ауданы РВ-90 аумағында сағат 19:00 шамасында болды. Абылай - үйдің тұңғышы", - дейді марқұм болған баланың туысы.
Оқиға туралы қара жамылған отбасының досы Екатерина Моисеенко айтып берді. Айтуынша, Абылай өте ақ көңіл, ешқашан жанжалға араласпайтын бала.
"Біз отбасымызбен доспыз. Біздің балалар ММА жаттығуларына бірге барады. Абылай өте мейірімді бала. Полиция Абылайды өлтірген баламен хат жазысқан дейді. Мен оқиға болған кезде өз қолыммен Абылайдың телефонын ашып, бәрін көрдім. Ешбір хат жазыспаған, ешқандай телефон қоңырауы болмаған. Абылайды өлтіргенін өз көзіммен видеодан көрдім. Екінші бала Абылайды өлтіріп жатқанын көріп қашып кетті. Ол тіпті айқайлып көмекке де шақырмады", - деді Екатерина Моисеенко.
Ал өлтірген бала шаруасын бітірген соң қаша жөнелген.
"Бір пышақты ішіне, ал 8 рет кеуде тұсына салды. Абылай "жатақханаға барамын да, қайтып келемін" деген. Бала болған соң, бәрі ойнап бірге жүреді. Олар Абылайды қалай шақырды, неге шақырды, ешкім білмейді. Өлтірген балалар бір мектепте оқиды, Абылайдан бір жас қана үлкен. Олар дәлізде келе жатқан, ана бала пышақты салғанда Абылай еңкейіп қалды, сол кезде бар күшімен бірнеше рет пышақтады", - дейді отбасының досы.
Екінші бала күдікті емес, куәгер ретінде танылып отыр.
"Ал екінші бала Абылайды ұрған жоқ, пышақ сұққан жоқ деп жатыр. Бірақ көріп тұрған соң, неге көмекке шақырмады. Басында Абылайды көлік қағып кетті деп шақырған, шын мәнінде басқа жағдай болды. Абылай керегеге тақалған күйі сырғанап отырып қалған. Абылайды сөмке арқалаған ер адам көріп қалған, жедел жәрдемді сол кісі шақырған", - дейді Екатерина Моисеенко.
Алматы қалалық полиция департаменті осы қылмысты жасады деген күдікпен Алматы қаласының 13 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады.
"Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен жәбірленуші бір-бірін бұрыннан таныған. Тергеудің бастапқы деректеріне сәйкес, қайғылы оқиға кәмелетке толмағандар арасында туындаған жанжал барысында болған. Қазіргі уақытта күдікті арнайы мамандандырылған мекемеге орналастырылды", - дейді полиция.
"Адам өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Полицияның айтуынша, баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін күдіктінің ата-анасы да жауапкершілікке тартылады.