Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев одақтастарынан тағы 20 миллиард доллар көмек сұрамақ – БАҚ

© AFP 2024 / SERGEI SUPINSKYЦентральная площадь Киева
Центральная площадь Киева - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2026
Жазылу
Украина қаржыны қару-жарақ пен дрондар сатып алуға, қорғаныс өндірісін және әскери бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсаудыжоспарлап отыр
АСТАНА, 12 маусым - Sputnik. Киев 18 маусымда өтетін Украина бойынша "Рамштайн" форматындағы байланыс тобының кездесуінде одақтастарынан қосымша 20 миллиард доллар көмек сұрамақ, деп хабарлады Politico газеті украиналық жоғары лауазымды әскери шенеунікке сілтеме жасап.
"Украина одақтастарынан қосымша 20 миллиард доллар алғысы келеді... 20 миллиард доллар бөлу туралы өтініш 18 маусымда өтетін қорғаныс жөніндегі байланыс тобының келесі отырысында, яғни "Рамштайн" форматы ретінде белгілі кездесуде жасалады", — делінген мақалада.
Дереккөздердің айтуынша, Украинаның қорғаныс министрі Михаил Федоров және бірқатар басқа шенеунік қосымша көмек мәселесін Норвегия, Швеция, Германия және Канада өкілдерімен кездесулер барысында көтерген. Киев одақтастардың әрқайсысынан 2 миллиардтан 6 миллиард долларға дейін несие немесе қайтарымсыз көмек беруді сұрайды.
Газеттің хабарлауынша, Украина бұл қаражатты әуе қорғанысына, ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алуға, оқ-дәрілерге, радиоэлектрондық күрес құралдарына, алыс қашықтыққа арналған қару-жараққа, сондай-ақ украиналық қорғаныс компанияларынан тікелей сатып алуларға және Украина Қарулы күштері үшін америкалық қару-жарақ сатып алуды қаржыландыратын НАТО-ның PURL бағдарламасына жарналарды ұлғайтуға жұмсауды жоспарлап отыр.
Города мира. Лондон - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
"Еуроүштік" елдері Украина үшін қару-жарақты бірлесіп өндіруге ниетті
Жаңалықтар
0