Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украина келіссөздерінде Ресейге қарсы делегация құрамында болғысы келеді

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуСаммит ЕС в Брюсселе
Саммит ЕС в Брюсселе - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2026
Жазылу
Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас Еуропа Украинаны қолдайтындықтан, Мәскеу мен Киев арасында бейтарап делдал болмайтынын мәлімдеген болатын
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Еуропалық Одақ Украина келіссөздеріне Ресейге қарсы біріккен Батыс және Украина делегациясының құрамында қатысқысы келеді, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова.
Бұған дейін Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас Еуропа Украинаны қолдайтындықтан, Мәскеу мен Киев арасында бейтарап делдал болмайтынын мәлімдеген болатын.
"Сондықтан ол Еуропаның Ресейге қарсы біріккен Батыс және Украина делегациясының құрамында келіссөздер үстеліне отыруға тырысып жатқанын мойындады", - деп жазды Захарова сыртқы істер министрлігінің сайтындағы түсініктемесінде.
Брюссельдегі Еуроодақ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуроодақ елдері ресейліктерге виза беруді шектеуді сұрап хат жолдады - Еурокомиссия
Жаңалықтар
0