Теміртауда қонаққа барған ер адам үй иесін өлтірді

© Sputnik / Абзал Калиев Ограбление, иллюстративное фото
 Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2026
Жазылу
Күдікті ұсталды, тергеу жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 11 мамыр – Sputnik. Қарағанды облысы Теміртау қаласында таныстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға Металлургтер даңғылындағы жеке пәтерлердің бірінде болған. Қонаққа барған ер адам үй иесін пышақтаған. Алған жарақатынан 33 жастағы ер адам көз жұмды.
Полиция қылмыстық іс қозғады. 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
"Таныстар арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде 33 жастағы пәтер иесіне пышақ жарақатын салған, ол оқиға орнында алған дене жарақатынан көз жұмды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.
Каждый нож в цеху бортовогопитания алматинского аэропорта имеет свой личный номер и выдается и сдается сотрудникам под роспись - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Петропавлда анасын пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0