https://sputnik.kz/20260611/tanysyn-oltirgen-er-adamnyn-qylmysy-tort-zhyldan-keyin-anyqtaldy--64044577.html
Танысын өлтірген ер адамның қылмысы төрт жылдан кейін анықталды
Танысын өлтірген ер адамның қылмысы төрт жылдан кейін анықталды
Sputnik Қазақстан
Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T10:43+0500
2026-06-11T10:43+0500
2026-06-11T10:43+0500
павлодар
қылмыс
сот
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі бұрын жасалған қылмыстарды ашу бағытында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.Оның ішінде төрт жағдайда жәбірленушілердің өлімі орын алған.Мысалы, Павлодар облысында төрт жыл бұрын жасалған адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы ашылды. 2022 жылдың қыркүйегінде Шарбақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Оның денесінде көптеген жарақат белгілері болған.Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Араларында туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, соның салдарынан ол көз жұмған.9 ақпанда жиналған дәлелдердің негізінде күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Наурыз айында Павлодар облысы Шарбақты аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.
https://sputnik.kz/20260518/shymkentte-koshede-ayeldi-pyshaqtap-oltirgen-kudikti-mazhburlep-emdeuge-zhiberildi-63538429.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, қылмыс, сот
Танысын өлтірген ер адамның қылмысы төрт жылдан кейін анықталды
Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі бұрын жасалған қылмыстарды ашу бағытында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегін ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның ішінде төрт жағдайда жәбірленушілердің өлімі орын алған.
Мысалы, Павлодар облысында төрт жыл бұрын жасалған адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы ашылды. 2022 жылдың қыркүйегінде Шарбақты кентіндегі жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Оның денесінде көптеген жарақат белгілері болған.
"Жедел-тергеу іс-шараларының жүргізілгеніне қарамастан, қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмады. 2026 жылы полиция қызметкерлерінің мұқият жұмысы, қосымша жедел-іздестіру шараларын жүргізуі және марқұмның байланыс ортасын толық тексеруі нәтижесінде күдікті анықталды. Ол қаза тапқан азаматтың танысы болып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысында оқиға күні ер адамдардың бірге спирттік ішімдік ішкені анықталды. Араларында туындаған жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, соның салдарынан ол көз жұмған.
9 ақпанда жиналған дәлелдердің негізінде күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Наурыз айында Павлодар облысы Шарбақты аудандық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.