QR-111 жүйесі арқылы балалардан 167 мың хабарлама келіп түскен

© Sputnik / Владислав ВодневШкола, архивное фото
Школа, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2026
Жазылу
Динара Зәкиева 111 мемлекеттік байланыс орталығына түсетін өтініштер бойынша жүргізілген жұмысқа тоқталды
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді, деп хабарлады Ақорда.
© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады
Касым-Жомарт Токаев принял Уполномоченного по правам ребенка Динару Закиеву - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады
Динара Зәкиеваның айтуынша, биыл "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы қабылданды. Құжат әлеуметтік қолдауды және бала құқықтарын қорғауды күшейтетін 158 шараны қамтиды.
"Биыл 9 өңірдегі ахуалға мониторинг жүргізіліп, балалардың психологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге және олардың құқықтарының бұзылуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар сапасы зерделенді", - деп жазылған хабарламада.
Президентке Психологиялық қолдау орталықтарын құру және психологиялық саламаттылықты айқындаудың бірыңғай бағдарламасын енгізу жөнінде ақпарат берілді. Бұл жергілікті деңгейде ерекше назар аударуды және қолдауды қажет ететін балаларға жүйелі көмек көрсетуге септігін тигізді.
Сондай-ақ Динара Зәкиева 111 мемлекеттік байланыс орталығына түсетін өтініштер бойынша жүргізілген жұмысқа тоқталды. Мектептерде QR-111 жүйесінің енгізілуі балалармен тікелей байланыс орнату және олардың құқықтарының бұзылу фактілерін анықтау барысында тиімді болғанын көрсетіп отыр.
Аталған құрал іске қосылғаннан бері, яғни, 2024 жылдың қазан айынан 2026 жылдың маусым айына дейін балалардан 167 мың хабарлама мен 4 523 қоңырау келіп түскен.
Динара Закиева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2024
Зәкиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды
Жаңалықтар
0